Негізгі өңдеу
- Picture Style мәнерлерін таңдау
- Анықтықты, контрастты, түс қанықтығын және түс реңкін орнату
- RGB гамма қисық сызықтарын реттеу
Негізгі Picture Style өңдеу үшін [Tool palette/Құралдар тақтасы] мәзірінің [Basic/Негізгі] тақтасын пайдалана аласыз.
- Picture Style файлын жүктеу
- Picture Style файлын сақтау ()
- Өңделген мәнерлер үшін алдын ала орнатылған Picture Style мәнерлерін таңдау
- Анықтықты, контрастты, түс қанықтығын және түс реңкін реттеу ()
- RGB гамма қисық сызықтарын реттеу ()
Picture Style мәнерлерін таңдау
Бастапқыда, бір алдын ала орнатылған Picture Style мәнерін (Авто және Монохромды қоспайтын) өңделген мәнеріңіз үшін негізгі ретінде таңдайсыз.
Сондай-ақ, Canon веб-торабынан жүктеп алынған Picture Style файлын негізгі мәнер ретінде пайдалануға болады.
Алдын ала орнатылғандардан таңдау
- [Base Picture Style/Негізгі Picture Style] тізімінен мәнер таңдаңыз.
Жүктеп алынған Picture Style файлын пайдалану
[] түймесін басыңыз.
[Open Picture Style file/Picture Style файлын ашу] терезесінде файлды таңдаңыз.
Ескертпе
- PSE () көмегімен жасаған түпнұсқа Picture Style файлдарын пайдалану үшін мына қадамдарды орындауға болады.
- PSE бағдарламасы .PF2 немесе .PF3 файл кеңейтімі бар Picture Style файлдарына қолдау көрсетеді.
- [Fine Detail/Кіші бөлшек] түрі жоқ камералардан алынған үлгі суреттерін алдын ала орнатылған Picture Style мәнері ретінде пайдаланған кезде [Fine Detail/Кіші бөлшек] қолжетімсіз болады.
Анықтықты, контрастты, түс қанықтығын және түс реңкін орнату
- Слайдерлерді солға немесе оңға сүйреңіз.
Ескерту
- [Fine Detail/Кіші бөлшек] түрі жоқ камералардан алынған суреттерді алдын ала орнатылған Picture Style мәнері ретінде пайдаланған кезде [Sharpness/Анықтық] параметрінде [Fine Detail/Кіші бөлшек] және [Threshold/Шек] қолжетімсіз болады.
RGB гамма қисық сызықтарын реттеу
Қызыл, жасыл және көк түс үшін гамма қисыз сызығын реттеу үшін [Basic/Негізгі] тақтасындағы реңк қисық сызығын пайдаланыңыз. [Six Color-Axes/Алты түс осі] немесе [Specific Colors/Арнайы түстер] тақтасында реттеулер жасаудан бұрын RGB гамма қисық сызығына кез келген реттеулер жасаңыз.
- Көлденең ось кіріс деңгейін, ал тік ось шығыс деңгейін көрсетеді.
- Реттеу нүктесін ([]) қосу үшін реңк қисық сызығын (1) басыңыз. Реңк қисық сызығын өңдеу үшін реттеу нүктелерін сүйреңіз.
- 10 реттеу нүктесіне дейін орнатуға болады.
- Реттеу нүктесін жою үшін не нүктені екі рет басыңыз, немесе нүктені басып, Delete пернесін басыңыз.
- Нүктелерді нүктені басу және (2) ішінде мәндерді тікелей енгізу арқылы реттеуге болады.
Ескертпе
- Егер [Basic/Негізгі] тақтасында реңк қисық сызғын реттеуден бұрын [Six Color-Axes/Алты түс осі] немесе [Specific Colors/Арнайы түстер] тақтасында реттеулер жасасаңыз, сурет сипаттамалары күткендегідей болмайды және түс сипаттамаларын қайтадан өзгертеді.
- [Six Color-Axes/Алты түс осі] немесе [Specific Colors/Арнайы түстер] тақтасында реттеулер жасағаннан кейін контрастты және ашықтықты қосымша дәлдеп баптау үшін [Specific Colors/Арнайы түстер] тақтасындағы реңк қисық сызығын пайдаланыңыз ().