Picture Style өңдеуден бұрын үлгі суреттерін реттеу
Үлгі суреттерінің ашықтығын немесе ақ түс балансын реттеу үшін [Preliminary adjustment/Алдын ала реттеу] терезесін қажетінше пайдаланыңыз.
- [Preliminary adjustment/Алдын ала реттеу] терезесіндегі реттеулер сіз жасайтын Picture Style файлына қолданылмайды.
- Егер үлгі суретіңізде қолайлы экспозиция және ақ түс балансы болса, [Preliminary adjustment/Алдын ала реттеу] терезесінде реттеулер жасаудың қажеті жоқ.
[Tools/Құралдар] мәзіріндегі [Preliminary adjustment/Алдын ала реттеу] терезесін таңдаңыз.
-
Суреттің ашықтығын реттеңіз.
- Жүгіргіні солға не оңға апарыңыз, немесе мәнді енгізіңіз.
-
Ақ түс балансын реттеңіз.
- [White balance adjustment/Ақ түс балансы Реттеу] мәзірінен бір опцияны таңдаңыз.
- [Color temperature/Түс температурасы] таңдаған кезде жүгіргіні солға не оңға сүйреңіз, немесе мәнді енгізіңіз.
- Суреттегі негізі болып табылатын сурет аймағын таңдау үшін [] түймесін басыңыз.
- [Close/Жабу] түймесін басыңыз.