Суреттерді көрсету
-
Дисплей параметрлерінде HDR опциясын орнатыңыз.
-
[Preferences/Таңдаулы параметрлер] терезесіндегі [View settings/Көрініс параметрлері] қойындысында [HDR display/HDR көрсету] таңдалғанына көз жеткізіңіз.
- Егер ол таңдалмаған болса, құсбелгіні қойып, [OK] түймесін басыңыз, содан кейін DPP бағдарламасын қайта іске қосыңыз.
-
Көрсетілетін суретті таңдаңыз.
-
Параметрлер құралдар палитрасында [HDR PQ] параметріндегі [On/Қосулы] опциясын таңдаңыз.
- HDR PQ режимінде көрсету тек басты терезеде, суретті өңдеу терезесінде, алдын ала қарау терезесінде, екінші терезелерде және тексеру үшін үлкейтілген көріністі көрсетіп тұрған терезелерде қолданылады. Басқа терезелерде суреттер мониторға лайықталып, HDR PQ көрінісіне өте ұқсас SDR режимінде көрсетіледі.
-
Алдын ала қарау терезесіндегі және нобай кадрларындағы төмендегідей белгішелер HDR PQ режимінде көрсетілген суреттерді ерекшелейді.
- Нобай кадры:
- Алдын ала қарау терезесі (HDR мониторына қосылған кезде):
- Алдын ала қарау терезесі(SDR мониторына қосылған кезде, не болмаса Windows 8.1 немесе macOS жүйесінде):
- Нобай кадры:
Ескерту
-
SDR мониторларында суретті көрсету SDR мониторының сипаттамасына бейімделеді және HDR мониторында көрсетілетін HDR PQ көрінісіне өте ұқсас болады.
Алайда көрсету түсі мен градациясы HDR мониторларына қарағанда басқаша әсер береді.
- HDR PQ режиміндегі суреттерді де, SDR суреттерінде қарау үшін көп мониторлы ортада (SDR және HDR мониторлары бар) жұмыс істеген жөн.