Dual Pixel RAW оңтайландырғышы
Dual Pixel RAW параметріне орнатылған камералармен түсірілген RAW суреттерінде айқындықты немесе түсіру нүктесін дәлдеп реттеу немесе қосарлануды азайту үшін [Dual Pixel RAW Optimizer/Dual Pixel RAW оңтайландырғышы] құралын қолдануға болады. Dual Pixel RAW бойынша егжей-тегжейі мәліметті немесе сақтық шараларын осындай функциямен жабдықталған камераның нұсқаулығынан қараңыз.
Айқындықты дәлдеп реттеу
-
Dual Pixel RAW суретін таңдаңыз, содан кейін [Tools/Құралдар] мәзірінен [Start Dual Pixel RAW Optimizer/Dual Pixel RAW оңтайландырғышы іске қосу] тармағын таңдаңыз.
-
[Image Microadjustment/Суретті микрореттеу] опциясын таңдаңыз.
-
Реттеу үшін жүгіргіні сүйреңіз.
-
[OK] түймесін басыңыз.
- Суреттерді өңдегеннен кейін сақтау туралы егжей-тегжейлі мәліметті Өңдеу нәтижелерін сақтау бөлімінен қараңыз.
Ескерту
- Нысанның сұлбалары немесе боке табиғи болмаса, не болмаса суреттегі шу тым артық болса, не болмаса түстерде немесе ашықтықта өзгерістер болса, реттеу деңгейін төмендетіңіз.
- Түсіру нүктесін дәлдеп реттеу немесе қосарлануды азайту функциясымен бір уақытта пайдалануға болмайды.
Түсіру нүктесін дәлдеп реттеу
-
Dual Pixel RAW суретін таңдаңыз, содан кейін [Tools/Құралдар] мәзірінен [Start Dual Pixel RAW Optimizer/Dual Pixel RAW оңтайландырғышы іске қосу] тармағын таңдаңыз.
-
[Bokeh Shift/Бокені ығыстыру] опциясын таңдаңыз.
-
Аймақты таңдаңыз.
- [Select area/Аймақты таңдау] опциясын таңдаңыз.
- Суреттің үстінде сүйреңіз, содан кейін аймақты орнату үшін тінтуірдің оң жақ түймесін басыңыз.
- Жиекті жасыру үшін [Show borders/Жиектерді көрсету] параметрінен құсбелгіні алып тастаңыз.
-
Реттеу үшін жүгіргіні сүйреңіз.
-
[OK] түймесін басыңыз.
-
Суреттерді өңдегеннен кейін сақтау туралы егжей-тегжейлі мәліметті Өңдеу нәтижелерін сақтау бөлімінен қараңыз.
-
Ескерту
- Нысанның сұлбалары немесе боке табиғи болмаса, не болмаса суреттегі шу тым артық болса, не болмаса түстерде немесе ашықтықта өзгерістер болса, реттеу деңгейін төмендетіңіз.
- Айқын фокустағы аймақ реттеу деңгейіне қарай фонға қарай созыла беруі мүмкін.
- Таңдалған аймақтың жиегі табиғи болып көрінбесе, реттеу деңгейін төмендетіңіз.
- Айқындықты дәлдеп реттеу немесе қосарлануды азайту функциясымен бір уақытта пайдалануға болмайды.
Қосарлануды азайту
-
Dual Pixel RAW суретін таңдаңыз, содан кейін [Tools/Құралдар] мәзірінен [Start Dual Pixel RAW Optimizer/Dual Pixel RAW оңтайландырғышы іске қосу] тармағын таңдаңыз.
-
[Ghosting Reduction/Қосарлануды азайту] опциясын таңдаңыз.
-
Аймақты таңдаңыз.
- [Select area/Аймақты таңдау] опциясын таңдаңыз.
- Суреттің үстінде сүйреңіз, содан кейін аймақты орнату үшін тінтуірдің оң жақ түймесін басыңыз.
- Жиекті жасыру үшін [Show borders/Жиектерді көрсету] параметрінен құсбелгіні алып тастаңыз.
-
[OK] түймесін басыңыз.
- Суреттерді өңдегеннен кейін сақтау туралы егжей-тегжейлі мәліметті Өңдеу нәтижелерін сақтау бөлімінен қараңыз.
Ескерту
- Кей жағдайларда нысанның сұлбалары немесе боке табиғи көрінбеуі, не болмаса суретте артық шу, не болмаса түстерде немесе ашықтықта өзгерістер болуы мүмкін.
- Таңдалған аймақтың жиегі табиғи болып көрінбеуі мүмкін.
- Айқындықты дәлдеп реттеу немесе түсіру нүктесін дәлдеп реттеу функциясымен бір уақытта пайдалануға болмайды.