Әдістер мен әдіс файлдары

Құралдар палитрасындағы реттеулер мен басқа өңдеу әрекеттері арқылы орнатылған суретті өңдеу шарттары әдістер деп аталады.

Бұл шарттарды компьютерге .dr4 файл кеңейтімімен әдіс файлдары етіп сақтауға болады.

Әдіс файлдарын DPP бағдарламасына жүктеп, басқа файлдарға қолдануға болады.

Ескерту

  • Тек RAW суреттеріне қолданылатын өзгерістер енгізілген әдіс файлдарын JPEG, TIFF немесе HEIF суреттеріне қолдану мүмкін емес. Сол сияқты, JPEG, TIFF немесе HEIF әдіс файлдарын да RAW суреттеріне қолдану мүмкін емес.

Ескертпе

  • Суретті өңдеу шарттарын реттеген кезде, бастапқы сурет файлдары өзгеріске ұшырамайды.