Әдістерді пайдалану

Жалпылама түрде «әдістер» деп аталатын құрал палитраларында суреттерге жасалған реттеулердің бөлшектерін .dr4 файл кеңейтімімен әдіс файлдары етіп сақтауға болады. Әдіс файлдарын басқа суреттерге де қолдануға болады.

Басқалармен бірдей түсіру ортасында түсірілген бір суреттен әдіс файлын жасап, әдісті басқа суреттерге қолдануға болады.

Ескерту

  • Тек RAW суреттеріне қолданылатын өзгерістер енгізілген әдіс файлдарын JPEG немесе TIFF файлдарына қолдану мүмкін емес.
  • Әдістер Digital Photo Professional 4 және бұрынғы нұсқалар арасында үйлесімді емес.
  • Digital Photo Professional 4 бағдарламасында алдыңғы нұсқалардан алынған әдіс файлдары бар суреттер түсіру уақытындағы параметрлерді пайдалана отырып көрсетіледі.
  • Алдыңғы нұсқаларда Digital Photo Professional 4 бағдарламасынан алынған әдіс файлдары бар суреттер де түсіру уақытындағы параметрлерді пайдалана отырып көрсетіледі.

Әдістерді көшіріп алу және басқа суреттерге қолдану

Өңделген суреттің әдісін көшіріп алып, оны басқа суретке қолдануға болады.

  1. Әдісі көшіріп алынатын суретті таңдаңыз.

  2. Әдіс элементтерін таңдаңыз.

    • [Edit/Өңдеу] мәзірінен [Select and copy recipe settings/Әдіс параметрлерін таңдау және көшіріп алу] тармағын таңдаңыз.
    • Келесі экранда әдіс элементтерін таңдаңыз.

      Барлық элементтерді көшіріп алу үшін

      [Edit/Өңдеу] мәзірінен [Copy recipe/Әдісті көшіріп алу] тармағын таңдаңыз.

      Таңдалған элементтерді көшіріп алу үшін

      [File/Файл] мәзірінен [Copy selected recipe/Таңдалған әдісті көшіріп алу] тармағын таңдаңыз.

  3. Әдіс қойылатын суретті таңдаңыз.

  4. [Edit/Өңдеу] мәзірінен [Paste recipe/әдісті қою] (Windows) немесе [Paste recipe/әдісті қою] (macOS) тармағын таңдаңыз.

Ескерту

  • RAW фильмінің әдістерін көшіріп алу немесе қолдану мүмкін емес.
  • Егер суреттерді ағымдағы бағдарында қалдырғыңыз келсе, [Edit/Өңдеу] мәзірінен [Select and copy recipe settings/Әдіс параметрлерін таңдау және көшіріп алу] тармағын таңдаңыз да, келесі терезеде [Rotate left / Rotate right: /Солға айналдыру/Оңға айналдыру: ] параметрінен құсбелгіні алып тастаңыз.

Әдіс файлдарын сақтау

  1. Өңделген суретті таңдаңыз.

  2. [Edit/Өңдеу] мәзірінен [Save recipe in file/Әдісті файлға сақтау] тармағын таңдаңыз.

    Барлық элементтерді сақтау үшін

    Экранға шыққан терезеден [Save all recipes/Барлық әдістерді сақтау] опциясын таңдаңыз.

    Таңдалған элементтерді сақтау үшін

    Экранға шыққан терезеде [Save selected recipes/Таңдалған әдістерді сақтау] опциясын таңдаңыз, содан кейін [Specify Recipe Details/Әдіс мәліметтерін нақтылап көрсету] опциясын басыңыз. Келесі терезеде сақталатын элементтерді таңдаңыз, содан кейін [OK] түймесін басыңыз.

  3. Мақсатты қалтаны таңдап, файл атын енгізіңіз, содан кейін [Save/Сақтау] түймесін басыңыз.

Әдістерді жүктеу және қолдану

  1. Әдіс қойылатын суретті таңдаңыз.

  2. [Edit/Өңдеу] мәзірінен [Read and paste recipe from file/Әдісті файлдан оқу және қою] (Windows) немесе [Read and paste recipe from file/Әдісті файлдан оқу және қою] (macOS) тармағын таңдаңыз.

  3. Бір әдісті таңдап, [Open/Ашу] түймесін басыңыз.