Екінші терезелер
Екінші терезелер — суреттің фокусын тексеру үшін немесе басқа мақсаттарда ашуға болатын қосымша алдын ала қарау терезелері. Бір сурет үшін төрт терезеге дейін көрсетуге болады.
-
Бір суретті тінтуірдің оң жақ түймесімен (Windows жүйесінде) немесе Control-тінтуір түймесімен (macOS жүйесінде) басыңыз.
-
Көрсетілген мәзірден [Show second screen/Екінші терезені көрсету] тармағын таңдаңыз.
- Қосымша екінші терезені көрсету үшін операцияны қайталаңыз.
- Екінші терезелердің өлшемін қажетінше өзгертуге болады.
- Суретті толық өлшемде көру (іс жүзіндегі пиксельдер көрсетілген күйде) және бүкіл суретті көру арасында ауысу үшін оны басыңыз.
- Екінші терезедегі суреттерді үлкейту орталығы тінтуірдің оң жақ түймесімен (Windows жүйесінде) немесе Control-тінтуір түймесімен басылған (macOS жүйесінде) аймақта орналасады.