Палитраларды бекіту, ажырату және ретін өзгерту
Құралдар палитраларының қалай көрсетілетінін және олардың бекітілген кездегі ретін өзгертуге болады.
Палитраларды көрсету үшін [View/Көрініс] мәзірінен бір палитра атауын таңдаңыз. Бұл көрсету опциялары Filter/Sort (Сүзу/Сұрыптау) панеліне қолданылмайтынын ескеріңіз.
Палитралардың мысалдары
Құралдар палитрасы

Гистограмма палитрасы

Палитраларды бекіту және ажырату
Бірнеше палитраны бір-біріне жалғанған (бекітілген) немесе бөлек (қалқымалы) күйде көрсетуге болады.
-
Палитра атауының жолағын (атауы көрсетілген жерді) тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз.
-
[Dock/float/Бекіту/босату] түймесін басыңыз.
- Бастапқы көрсетілуін қалпына келтіру үшін осы әрекетті қайталаңыз.
- Сондай-ақ [View/Көрініс] мәзіріндегі [Dock/float/Бекіту/босату] тармағынан көрсету опциясын таңдау арқылы да құралдар палитраларының көрсетілуін өзгертуге болады.
Палитралардың ретін өзгерту
Бекітілген палитралардың ретін тігінен өзгертуге болады.
-
Палитра атауының жолағын (атауы көрсетілген жерді) тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз.
-
[Move one up/Бір тармақ жоғары] немесе [Move one down/Бір тармақ төмен] опциясын басыңыз.