DPP негізгі мүмкіндіктері
DPP компьютерге тасымалданған суреттер үшін төмендегідей негізгі мүмкіндіктерді ұсынады.
-
Суреттерді шолу, белгілеу және реттестіру
Суреттерді бағалау, қалталарға бетбелгілер қою және басқа реттестіру мүмкіндіктері
-
Суреттерді өңдеу
Суреттің өлшемін өзгерту, бұрышты реттеу, объектив аберрациясын түзету және т.б.
Суреттерді басып шығару
Суреттерді түрлендіру және жаңа суреттер етіп сақтау
RAW суреттерін топтап өңдеу
EOS Utility құралымен бірге қашықтан түсіру
Фильмді ойнату және кадрды түсіріп алу
RAW фильмін ойнату, өңдеу және кадрды түсіріп алу
HDR PQ режимінде суреттермен жұмыс істеу
-
Құралға негізделген суретті өңдеу
Бірнеше суретті құрастыру, тереңдікте құрастыру, HDR суреттерін жасау және т.б.
Түсті басқару параметрлері
Ескерту
- Мүмкіндіктің болу-болмауы суреттің пішіміне байланысты.
Ескертпе
- Қолжетімді жаңартуларды [Help/Анықтама] мәзірінен [Check for updates/Жаңартулар бар-жоғын тексеру] тармағын (немесе macOS жүйесінде [Digital Photo Professional 4] мәзірінен [Check for updates/Жаңартулар бар-жоғын тексеру] тармағын) таңдау арқылы жүктеп алуға болады.
- Интернетке кіру мүмкіндігі қажет; ол үшін провайдермен келісімшарт және қолданыстағы желілік байланыс болуы қажет. Қосылым немесе кіру нүктесі үшін ақы алынуы мүмкін.