Тағам
Аспаздық фотосуреттер үшін [] (Food/Тағам) пайдаланыңыз. Нысан айқын және ашық көрінеді. Сондай-ақ вольфрам шамдарының немесе ұқсас жарық көздерінің қызғылт реңктерін азайтады.

Түсіру бойынша кеңестер
-
Түс реңкін өзгертіңіз.
Түс реңкін Жылдам басқару экранындағы [Color tone: Cool←→Warm/Түс реңкі: Салқын←→Жылы] терезесінде қажетінше реттеңіз. Тағамның қызғылт реңктерін арттыру үшін қызылға (жылы реңктер) немесе шамадан тыс қызыл реңкті азайту үшін көкке (салқын реңктерге) қарай орнатыңыз.
Ескерту
- Нысандардың жылы түс белгісі көмескіленуі мүмкін.
- Көріністе бірнеше жарық көздері қосылғанда суреттің жылы түс белгісі азаюы мүмкін.
- Жарқылмен фотосуретке түсіру кезінде [Color tone: Cool←→Warm/Түс реңкі: Салқын←→Жылы] стандартты параметрге ауысады.
- Суретте адамдар болса, тері реңкі дұрыс шығарылмауы мүмкін.