Түсіруді қашықтан басқару
Bluetooth арқылы жұптастыруға болатын сымсыз қашықтан басқару құралы сияқты қосымша опциялардың көмегімен қашықтан түсіруге болады.
BR-E1/BR-E2 сымсыз қашықтан басқару құралы
Камерадан шамамен 5 метрге дейінгі қашықтықта қашықтан түсіре аласыз.
Алдымен, камераны сымсыз қашықтан басқару құралымен жұптастырыңыз ().
Пайдалану нұсқаулары үшін сымсыз қашықтан басқару құралының нұсқаулығын қараңыз.
Ескертпе
- Автоматты қуат өшіру уақыты камера қашықтан басқару құралымен түсіру үшін орнатылған кезде ұзаруы мүмкін.
- Сымсыз қашықтан басқару құралын фильм жазу үшін де пайдалануға болады.