Фильм Ысырманы автоматты түрде баяулату

Көмескі жарықта ысырма жылдамдығын автоматты түрде төмендету арқылы [Disable/Өшіру] параметріне орнатылған кездегіге қарағанда ашығырақ және сурет шуы аз әсер еткен фильмдерді жазуды таңдауыңызға болады.

[Фильмдер] немесе [Фильм Av] жазу режимінде қолжетімді. Фильм жазу өлшемінің кадр жиілігі 59,94 кадр/сек. немесе 50,00 кадр/сек. болған кезде қолданылады.

  1. [Түсіру: Auto slow shutter/Түсіру: Ысырманы автоматты түрде баяулату] параметрін () таңдаңыз.

  2. Параметрді таңдаңыз.

  • Disable (Өшіру)

    [Enable/Қосу] параметріне орнатылған кездегіге қарағанда жатықтау, табиғи қозғалысты, нысан жайқалуы көп әсер етпеген фильмдерді жазуыңызға мүмкіндік береді. Көмескі жарықта фильмдердің [Enable/Қосу] параметріне орнатылғандағыға қарағанда қараңғылау болуы мүмкін екенін ескеріңіз.

  • Enable (Қосу)

    Ысырма жылдамдығын көмескі жарықта 1/30 сек. (NTSC) немесе 1/25 сек. (PAL) мәніне автоматты түрде азайту арқылы [Disable/Өшіру] мәніне орнатылған кездегіге қарағанда ашығырақ фильмдерді жазуыңызға мүмкіндік береді.

Ескертпе

  • [Disable/Өшіру] параметріне орнату көмескі жарықта қозғалған нысандарды жазу кезінде немесе жолдар сияқты іздер орын алуы мүмкін кезде ұсынылады.