Қуатты үнемдеу
Экран күңгірттеліп, одан кейін өшетін, камера өшетін және көріністапқыш камера әрекетсіз қалғаннан кейін өшетін уақытты реттеуіңізге болады (Экран күңгірттегіш, Экран өшірулі, Автоматты қуат өшіру және Көріністапқыш өшірулі).
Ескертпе
- [Screen dimmer/Экран күңгірттегіш] және [Screen off/Экран өшірулі] түсіру экраны көрсетіліп тұрғанда қолданылады. Бұл параметрлер мәзір дисплейі немесе суретті ойнату кезінде қолданылмайды.
- Камера мәзір дисплейі немесе суретті ойнату кезінде [Screen dimmer/Экран күңгірттегіш], [Screen off/Экран өшірулі] және [Auto power off/Автоматты қуат өшіру] терезесінде орнатылған уақыт өткеннен кейін өшеді.
- Экранды қорғау үшін камера экранды ол күңгірттелгеннен кейін 30 минттан кейін (камераның өзі қосулы қалса да) [Screen off/Экран өшірулі] жәге [Auto power off/Автоматты қуат өшіру] параметрлері [Disable/Өшіру] мәніне орнатылса да өшіреді.
- [Viewfinder off/Көріністапқыш өшірулі] параметрі экран әлі қосулы кезде де қолданылады. Бұл уақыт өткеннен кейін, көріністапқыш сенсоры ажыратылады.
- Көріністапқыш дисплейі кезінде тек [Viewfinder off/Көріністапқыш өшірулі] параметрі қолданылады. Бұл уақыт өткеннен кейін, көріністапқыш сенсоры ажыратылады және көріністапқыш өшеді.
- Экрандағы суреттер фотосуреттер түсіру кезінде экран күңгірттелгеннен кейін төмен кадр жиілігінде көрсетіледі.
- Camera Connect қолданбасына немесе басқа қолданбаларға немесе құрылғыларға болсын, USB қосылымдары кезінде автоматты түрде өшіру күшіне енбейді.