Қос түсіру (Фотосуреттер мен фильмдер)

Фильм жазуды үзбей, ысырма түймесін толығымен басу арқылы фотосуреттерді (бір рет түсіру немесе үздіксіз түсіру) түсіруіңізге болады. Бұл фильмдерден кадрларды алуға қарағанда жоғарырақ сурет сапасымен фотосурет түсіруге мүмкіндік береді.

Ескерту

  • Бұл мүмкіндікті пайдаланған кезде, қоспас бұрын камерада екі карта бар екенін тексеріңіз. Камераны қосқан кезде камерада тек бір картаның болуы фильм жазуға да, фотосуретке түсіруге де жол бермейді.
  • Тек бір карта салып фильмдерді жазу үшін фотосуретке түсіру режиміне ауысып, фильм түсіру түймесін басыңыз. [Бағдарлама AE3 (фильмдер)] параметрлері фильм жазуда қолданылады.

Ескертпе

  • Фильмдер Full HD сурет сапасынде (1920×1080) жазылады. Фотосуреттер JPEG суреттері ретінде 16:9 пропорцияларда (5616×3168) түсіріледі.
  • Фильмдер 1 картасына, ал фотосуреттер 2 картасына жазылады.
  1. [Түсіру: Dual shooting (still&movie)/Түсіру: Қос түсіру (фотосурет және фильм)] параметрін () таңдаңыз.

  2. [Dual shooting (still&movie)/Қос түсіру (фотосурет және фильм)] параметрін таңдаңыз.

  3. [On/Қосу] параметрін таңдаңыз.

  4. Басқа опцияларды қажетінше орнатыңыз.

    Жетек режимі

    • Ысырма түймесін толығымен басу арқылы орындалатын фотосурет түсіру көлемін көрсетіңіз. Таңдау жасау үшін Жылдам басқару дискісі 1 дискісін бұраңыз.

      High speed (Жоғары жылдамдық)

      • [Орнату: System frequency/Орнату: Жүйе жиілігі] параметрі [59.94Hz:NTSC/59,94 Гц:NTSC] опциясына орнатылғанда: Басылған кезде шамамен 10 түс/сек-қа дейінгі жылдамдықта үздіксіз түсіру
      • [Орнату: System frequency/Орнату: Жүйе жиілігі] параметрі [50.00Hz:PAL/50,00 Гц:PAL] опциясына орнатылғанда: Басылған кезде шамамен 8,3 түс/сек-қа дейінгі жылдамдықта үздіксіз түсіру

      Low speed (Төмен жылдамдық)

      • [Орнату: System frequency/Орнату: Жүйе жиілігі] параметрі [59.94Hz:NTSC/59,94 Гц:NTSC] опциясына орнатылғанда: Басылған кезде шамамен 5,0 түс/сек-қа дейінгі жылдамдықта үздіксіз түсіру
      • [Орнату: System frequency/Орнату: Жүйе жиілігі] параметрі [50.00Hz:PAL/50,00 Гц:PAL] опциясына орнатылғанда: шамамен 4,1 түс/сек-қа дейінгі жылдамдықта үздіксіз түсіру

      Single shooting (Бір түсіру)

      Жалғыз сурет түсіру

    JPEG quality (JPEG сапасы)

    • Фотосуреттер түсіруде сурет сапасының деңгейін (1–10) орнатыңыз. Таңдау жасау үшін Жылдам басқару дискісі 1 дискісін бұраңыз.
    • Жоғары сандар жоғары сапаны (төмен қысу) ұсынады.

Ескерту

  • RF-S немесе EF-S объективтері бекітілген кезде фотосуреттерді фильм жазу кезінде түсіру мүмкін емес.
  • Фотосуреттердегі беттер күңгірт болып көрінуі мүмкін немесе түстер қалыпты фотосурет түсіру кезіндегіден өзгеше болуы мүмкін, себебі фильм жазу параметрлері автофокус, экспозиция және ақ түс балансы үшін пайдаланылады.
  • Фотосуреттерді бір рет түсіру үшін ысырманы босату уақытының кешігуі келесі түсіру жағдайларында ұзағырақ болуы мүмкін. Үздіксіз түсіру де жай болады.

    • [Түсіру: ФильмAuto slow shutter/Shooting: ФильмЫсырманы автоматты түрде баяулату] параметрі [Enable/Қосу] мәніне орнатылып тұрғанда көмескі жарықта түсіру
    • [Tv] немесе [M] режимінде жай ысырма жылдамдығында пайдалану
    • [Түсіру: Standby: Low res./Shooting: Күту: төмен ажыр.] параметрін [On/Қосу] опциясына орнату және тек фотосуреттер түсіру
  • Фильм жазу кезінде фотосуреттерді тасымалдау мүмкін емес.
  • Кейбір мүмкіндіктер [Түсіру: Dual shooting (still&movie)/Shooting: Қос түсіру (фотосурет және фильм)] параметрі [On/Қосу] опциясына орнатылған кезде қолжетімді болмайды. Кейбір шектеулер фильм жазу өлшемдеріне және жыпылықтаусыз түсіруге де қолданылады.
  • Бұл мүмкіндікпен түсірілген фотосуреттер үшін фокустағы нүктеден үлкейту қолжетімді емес. Сол сияқты камерада өлшемді өзгерту, қиып алу және масштабтау қолжетімді емес.

Ескертпе

  • [Түсіру: Standby: Low res./Shooting: Күту: төмен ажыр.] параметрін [On/Қосу] опциясына орнату арқылы фильм жазу үшін қолжетімді уақытты ұзарта аласыз.
  • Фотосуреттер үшін Picture Style ретінде фильм жазу кезінде [Түсіру: Picture Style] параметрі қолданылады.