Қолжетімді желі мүмкіндіктері
-
Суреттерді FTP серверіне тасымалдау ()
FTP серверіне қосылу арқылы камерадағы суреттерді компьютерге жібере аласыз.
FTP тасымалдауы арқылы әрбір суретті FTP серверіне түсіру кезінде автоматты түрде тасымалдауыңызға немесе суреттер жинағын бірге тасымлдауыңызға болады.
-
EOS Utility бағдарламалық жасақтамасына қосылу ()
EOS Utility бағдарламалық жасақтамасын (EOS бағдарламалық жасақтамасы) пайдаланып суреттерді камерадан импорттауыңызға, камераны басқаруыңызға және басқа операцияларды орындауыңызға болады.
-
Суреттерді image.canon сайтына кері жүктеу ()
Суреттерді тікелей камерадан жіберу үшін камераны image.canon қызметіне байланыстырыңыз.
-
Камералар арасында уақытты үндестіру ()
Жіберуші камера уақытын 10 қабылдаушы камераға дейін орнатуыңызға болады.
-
Смартфонға немесе планшетке қосылу ()
Смартфондардағы немесе планшеттердегі (бұдан әрі бірге «смартфондар» деп аталады) Camera Connect қолданбасын пайдаланып камерадағы суреттерді шолуыңызға, қашықтан түсіруіңізге және басқа операцияларды орындауыңызға болады. Камераны Bluetooth функциясымен үйлесімді смартфонмен* жұптағаннан кейін Wi-Fi арқылы қосылу үшін тек смартфонды пайдалануыңыз керек.
Content Transfer Professional қолданбасын суреттерді камерадан FTP серверлеріне мобильді желі қосылымы арқылы тасымалдау үшін пайдалануыңызға да болады.
Bluetooth төмен энергия технологиясын қолдайтын смартфондар.
-
Сіз камерадан кескіндерді тікелей трансляциялай аласыз.
-
Сымсыз қашықтықтан басқару құралына қосылу ()
Бұл камераны BR-E1 сымсыз қашықтан басқару құралына (бөлек сатылады, ) қашықтықтан басқару арқылы түсіру үшін Bluetooth арқылы қосуға болады.
-
Camera Control API (CCAPI) қолданбасын пайдалану ()
Camera Control API — желі арқылы Canon камераларын басқаруға арналған HTTP негізіндегі қолданба бағдарламалау интерфейсі. Камераны смартфонға (немесе планшетке) немесе компьютерге қосып, камераны CCAPI арқылы қолданбадан басқаруыңызға болады.
-
Байланысқан түсіру сымсыз LAN арқылы байланыстырылған жіберуші камерадан бірнеше қабылдаушы камераларға түсіру арқылы мүмкін болады.
Желі арқылы қолжетімді мүмкіндіктер және қосылым әдістері (Сымсыз қашықтан басқарудан басқа)
Қолжетімді мүмкіндіктер | Қосылым әдісі | |
---|---|---|
Сымды LAN | Wi-Fi | |
Суреттерді FTP серверіне тасымалдау | ○ | ○ |
EOS Utility бағдарламалық жасақтамасына қосылу | ○ | ○ |
Суреттерді image.canon сайтына кері жүктеу | ○ | |
Камералар арасында уақытты үндестіру | ○ | ○ |
Смартфонға немесе планшетке қосылу | ○ | |
Тікелей трансляция | ○ | |
Camera Control API (CCAPI) | ○ | ○ |
Байланысқан түсіру | ○ |
Ескертпе
- Сымды LAN желісін камерамен пайдалану үшін BG-R20EP батарея тұтқасы немесе CF-R20EP желдеткіші керек (екеуі де бөлек сатылады).