Көріністапқышты пайдалану
Көріністапқышты белсендіру үшін ол арқылы қараңыз. Дисплейді экранға немесе көріністапқышқа шектеуіңізге де болады ().
Диоптриялық реттеу
Көріністапқышты анық көрсету үшін диоптерді реттеңіз.

- Диоптриялық реттеу тұтқасын солға немесе оңға бұрыңыз.
Ескерту
- Көріністапқыш пен экранды бір уақытта белсендіру мүмкін емес.
- Кейбір пропорцияларда қара жолақтар экранның жоғарғы және төменгі немесе сол және оң жақ шеттерінде көрсетіледі. Бұл аймақтар жазылмайды.
ER-kE көзқалқанын (Бөлек сатылады) пайдалану
Сыртта ER-kE көзқалқаны көзді басқару дәлдігін және көріністапқыштың көрінуін жақсартуы мүмкін.
-
ER-kE көзқалқанын бекітіңіз.
- ER-kE көзқалқанын көрсетілгендей екі қолдап ұстаңыз.
- ER-kE көзқалқанының ▼ белгілері бар жағын камераның көзқалқаны айналасындағы ойыққа кіргізіңіз, одан кейін қосалқы құрал толық бекітілгенше жоғарыдан төмен басыңыз.
Ескерту
- ER-kE көзқалқанын бекіту кезінде камераның көзқалқанының (A) шетін шымшымаңыз. Осы шеті шымшылып тұрғанда ER-kE көзқалқанын оңай шығарып алуға болады.
- ER-kE көзқалқаны толық кіргізіліп тұрғанда төменгі бөлігін камераға қарай басыңыз.
- ER-kE көзқалқанын реттеу үшін қажетінше бұруыңызға болады. Ол 90° сайын сыртылдайды және оны 360°-қа бұруға болады.
-
ER-kE көзқалқанын алып тастау үшін:
- ER-kE көзқалқанының үстін және астын мықтап басыңыз.
- Жоғарғы жағын өзіңізге қарай тартыңыз және оны камераның көзқалқанынан шығарып алыңыз.
- Тым қатты тартылған жағдайла резеңке бөлігі шығып кетуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Ескерту
- Speedlite құралдарын немесе ұқсас қосалқы құралдарды ER-kE көзқалқаны бекітіліп тұрғанда бекіту немесе шығарып алу мүмкін емес. Қосалқы құралдарды бекіту немесе алу алдында ER-kE құралын уақытша шығарып алыңыз.
- ER-kE көзқалқаны бекітілген кезде диоптриялық реттеу тұтқасын қолдану мүмкін емес. ER-kE көзқалқанын бекітпестен бұрын диоптерді реттеңіз.
Ескертпе
-
ER-kE көзқалқанында көзқалқанның түсіп кетуіне жол бермейтін бау бекітпесі (B) бар.
Бекіту үшін сатып алуға болатын бауды (B) арқылы және камера бауынан немесе басқа бөліктерден өткізіңіз.