Дыбыс жазу
Кірістірілген стерео микрофондармен немесе сыртқы стерео микрофондармен дыбыс жазу кезінде фильмдер жаза аласыз. Дыбыс жазу деңгейін еркін реттей аласыз.
Дыбыс жазу функцияларын орнату үшін [: Sound recording/
: Дыбыс жазу] параметрін пайдаланыңыз.

Ескерту
- Wi-Fi операцияларының дыбыстары кірістірілген немесе сыртқы микрофондармен түсірілуі мүмкін. Дыбыс жазу кезінде сымсыз байланыс функциясын пайдалану ұсынылмайды.
- Сыртқы микрофонды немесе құлақаспаптарды камераға қосу кезінде ашаны міндетті түрде толығымен кіргізіңіз.
- Камераның кірістірілген микрофоны AF операциялары орындалған жағдайда немесе объектив фильм жазу кезінде қолданылған жағдайда объективтің механикалық дыбыстарын немесе камераның/объективтің жұмыстарының дыбыстарын да жазуы мүмкін. Олай болса, шығыс ашасымен жабдықталған сыртқы микрофонды пайдаланған және оны камера мен объективтен алыс орналастырған жағдайда, бұл дыбыстарды азайтуға көмектесуі мүмкін.
- Камераның сыртқы микрофонының КІРУ ұясына сыртқы микрофоннан басқа ешнәрсе жалғамаңыз.
- Құлақаспаптармен тыңдау кезінде [
: Sound recording/
: Дыбыс жазу] параметрлерін өзгертпеңіз. Бұл құлақтарыңызды зақымдауы мүмкін кенеттен қатты дыбысты шығарады.
Ескертпе
- Негізгі аймақ режимдерінде [
: Sound recording/
: Дыбыс жазу] үшін қолжетімді параметрлер [On/Қосулы] және [Off/Өшірулі] күйінде болады. Жазу деңгейін автоматты түрде реттеу үшін [On/Қосу] күйіне орнатылған.
- [Sound recording/Дыбыс жазу] параметрі [Off/Өшіру] мәніне орнатылған кезден басқа жағдайда дыбыс та камера теледидарларға HDMI арқылы қосылғанда шығады. Теледидардың дыбыс шығысынан кері берілу жағдайында камераны теледидардан алысқа жылжытыңыз немесе дыбыс деңгейін төмендетіңіз.
- L/R (сол/оң) арасындағы дыбыс деңгейінің балансын реттеу мүмкін емес.
- Дыбыс 48 кГц/16 биттік таңдау жиілігімен жазылады.
Дыбыс жазу/дыбыс жазу деңгейі
-
Авто
Дыбыс жазу деңгейі автоматты түрде реттеледі. Автоматты деңгейді басқару дыбыс деңгейіне сай автоматты түрде күшіне енеді.
-
Қолмен
Дыбыс жазу деңгейін қажетінше реттеуіңізге болады. Дыбыс жазу деңгейін реттеу үшін [Rec. level/Жазу деңгейі] параметрін таңдаңыз және деңгей өлшеуішіне қарап тұрып
дискісін бұраңыз. Ең жоғарғы мәнді сақтау көрсеткішіне қараңыз және ең қатты дыбыстар үшін «12» (-12 дЦ) белгісінің оң жағында деңгей өлшеуіші жанатындай етіп реттеңіз. Егер ол «0» асатын болса, дыбыс бұрмалануы мүмкін.
-
Өшіру
Дыбыс жазылмайды.
Жел сүзгісі
Желді сыртқы көріністердегі дыбыс бұрмалануын азайту үшін [Auto/Авто] параметріне орнатыңыз. Тек камераның кірістірілген микрофоны пайдаланылған кезде белсендіріледі. Жел сүзгісі функциясы күшіне енгенде төмен басс дыбыстарының бөлігі де азайтылады.
Аудио шуды азайту
Кірістірілген микрофонмен жазу кезінде бұл мүмкіндік автофокустаудан туындаған механикалық объектив дыбыстарын, сондай-ақ ақ шуды азайтады.
-
Өшіру
Аудио шуды азайтуды өшіреді.
-
Қосу
Аудио шуды азайтуды қосады.
-
Жоғары
Аудио шуды [Enable/Қосу] параметріне қарағанда көбірек азайтады.
Ескерту
- Аудио сапасы [Enable/Қосу] күйіне орнатылғанда, [Disbale/Өшіру] күйіне орнатылғаннан басқаша болуы мүмкін.
- [High/Жоғары] аудио шуды [Enable/Қосу] параметріне қарағанда көбірек азайтса да, бұл опция дыбыс сапасына көбірек әсер етуі мүмкін.
- Аудио шуды азайтудың тиімділігі объективке байланысты өзгереді.
- Ақ шуды азайту кейбір шуды айтарлықтай естлетіндей етуі мүмкін.
- Жазуды алдын ала сынап көріңіз, себебі аудио шуды азайту тиімділігі және дыбыс сапасының нәтижесіндегі өзгерістер түсіру жағдайларына және түсіру ортасына байланысты өзгереді.
- Құлақаспап шығысындағы аудио шуды азайту үшін [Audio monitoring/Аудио бақылау] () параметрін конфигурациялаңыз.