Сандық үлкейту

[Full HD29,97 кадр/сек.]/[Full HD23,98 кадр/сек.] (NTSC) немесе [Full HD25,00 кадр/сек.] (PAL) параметріне орнатылған жазу өлшемімен сурет аймағының ортасын үлкейту арқылы жұмыс істейтін шамамен 1–10× (немесе шамамен 1,6–10× APS-C кесіп алу мүмкіндігімен) арқылы үлкейте аласыз.

  1. [Түсіру: Digital zoom/Түсіру: Сандық үлкейту] тармағын таңдаңыз.

  2. Параметрді таңдаңыз.

    • [On/Қосу] параметрін таңдаңыз.
  3. Сандық үлкейтуді пайдаланыңыз.

    • Масштабтау үшін экранның төменгі оң жағындағы [Сандық үлкейту] белгішесін түртіңіз, не болмаса, [Digital zoom/Сандық үлкейту] параметрін [Теңшелетін функциялар: Customize buttons/Теңшелетін функциялар: Түймелерді теңшеу] терезесінде тағайындаған болсаңыз, түймені басыңыз.
    • Сандық үлкейту жолағы пайда болады.
    • Үлкейту үшін Көп функциялы басқару пульті түймесін жоғары, ал кішірейту үшін төмен басыңыз.
    • Ысырма түймесін жартылай басу [1-point AF/1 нүктелі AF] (орталықта орнатылған) әдісімен фокустайды.
    • Сандық үлкейтуді болдырмау үшін 2-қадамда [Off/Өшіру] тармағын таңдаңыз.

Ескерту

  • Камера шайқалуының алдын алу үшін мосыны пайдалану ұсынылады.
  • Уақыт үзілісі бар фильмдер мен Шығармашыл сүзгілер қолжетімді емес.
  • Максималды ISO жылдамдығы – ISO 25600.
  • Үлкейтілген көрініс қолжетімді емес.
  • Фильмді сандық үлкейту функциясы суретті сандық деңгейде өңдейтіндіктен көбірек үлкейтулерде сурет бұдырлы болып көрсетіледі. Шу, жарық дақтары, т.б. көбірек байқалуы мүмкін.
  • Көрініс белгішесі көрсетілмейді.
  • Сондай-ақ, Фокустауды қиындататын түсіру жағдайлары бөлімін қараңыз.
  • Камераның ішкі температурасы көтеріліп, қолжетімді жазу уақытын азайтуы мүмкін.
  • [Түсіру: Standby: Low res./Shooting: Күту: Төмен ажыр.] параметрі [Off/Өшіру] параметріне орнатылған және оларды өзгерту мүмкін емес ().

Ескертпе

  • Үлкейту [Түсіру: Movie cropping/Shooting: Фильмды қиып алу] параметрі [Enable/Қосу] мәніне орнатылғанда немесе RF-S/EF-S объективтерімен шамамен 1,6–10× болады.
  • Сандық үлкейту BR-E1 сымсыз қашықтан басқару құралын (бөлек сатылады, ) пайдалану кезінде де қолжетімді болады.