Dual Pixel RAW (Қос пиксельді RAW суреті)

RAW немесе Ықшам RAW суреттерін осы мүмкіндік қосылып тұрғанда түсіру сурет сенсорынан қос пиксель ақпаратын қамтитын арнайы Dual Pixel RAW суреттерін шығарады. Бүл Dual Pixel RAW суретін түсіру деп аталады.

Осы суреттерді EOS камераларына арналған Digital Photo Professional бағдарламалық жасақтамасында өңдеу кезінде көрінетін ажыратымдылықты дәл реттеу (тереңдік ақпаратын пайдаланып), камераның қарау нүктесін аздап ауыстыру және сәуле жиектерін азайту үшін қос пиксельді деректердің артықшылықтарын пайдалана аласыз.

Нәтижелер түсіру жағдайларына байланысты әртүрлі болады, сондықтан бұл мүмкіндікті пайдаланбастан бұрын, Dual Pixel RAW сипаттамалары мен суретті өңдеу туралы мәліметтерді Digital Photo Professional нұсқаулығынан қараңыз.

  1. [Түсіру: Dual Pixel RAW/Түсіру: Қос пиксельді RAW суреті] параметрін таңдаңыз.

  2. [Enable/Қосу] параметрін таңдаңыз.

  3. Сурет сапасын RAW немесе Ықшам RAW күйіне орнатыңыз.

    • Сурет сапасын RAW, RAW+JPEG, RAW+HEIF, Ықшам RAW, Ықшам RAW+JPEG немесе Ықшам RAW+HEIF сапасына орнатыңыз.
  4. Суретке түсіріңіз.

    • Қос пиксельді деректерді қамтитын RAW суреті (Dual Pixel RAW суреті) түсіріледі.

Ескерту

  • Қуат қосқышы Қуат көзіне қосу күйіне орнатылғанда немесе камера автоматты қуат өшіруден жұмысын жалғастырған кезде іске қосу ұзақ уақыт алады.
  • Dual Pixel RAW (Қос пиксельді RAW суреті) көмегімен түсірген кезіңізде үздіксіз түсіру жылдамдығы төмен болады (). Максималды жарқыл да төмендеу болады.
  • [Жоғары жылдамдықты үздіксіз түсіруді қоса] және [Жоғары жылдамдықты үздіксіз түсіру] жетек режимдері қолжетімді болмайды. Режимді [Жоғары жылдамдықты үздіксіз түсіруді қоса] немесе [Жоғары жылдамдықты үздіксіз түсіру] режиміне орнатудың әсері оны [Төмен жылдамдықты үздіксіз түсіру] режиміне орнатумен бірдей.
  • [Түсіру: Dual Pixel RAW/Түсіру: Қос пиксельді RAW суреті] параметрі [Enable/Қосу] мәніне орнатылып тұрғанда шу RAW, RAW+JPEG немесе RAW+HEIF суреттерінде аздап байқалатын болуы мүмкін.
  • Мына мүмкіндіктер қолжетімді емес: HDR арқылы түсіру, Бірнеше түсірілім шуын азайту, бірнеше экспозиция, RAW сериялық түсіру режимі, фокустық брекетинг, электрондық ысырма және бір тиюмен басқарылатын кескін сапасы параметрі.

Ескертпе

  • Dual Pixel RAW түзетінің шамасы мен әсері

  • Үлкенірек объектив апертуралары түзету мөлшері мен әсерін арттырады.
  • Түзету мөлшері мен әсері кейбір объективтермен және кейбір түсіру көріністерінде жеткілікті болмауы мүмкін.
  • Түзету мөлшері мен әсері камера бағытына (тік немесе көлденең) байланысты әртүрлі болады.
  • Түзету шамасы мен әсері кейбір түсіру жағдайлары астында жеткілікті болмауы мүмкін.