Қате туралы хабарларға жауап беру
Қате орын алғанда, төмендегі процедуралардың біреуін орындау арқылы қате мәліметтерін көрсетіңіз. Одан кейін, осы тарауда көрсетілген мысалдарға сүйене отырып қате салдарын жойыңыз.
- [
: Error details/
: Қате мәліметтері] параметрін таңдаңыз.
- [Wi-Fi on/Wi-Fi қосулы] экранында [Error details/Қате мәліметтері] тармағын таңдаңыз.
Сәйкес бөлімге өту үшін келесі қате нөмірлерін басыңыз.
11 | 12 | ||||||
21 | 22 | 23 | |||||
61 | 64 | 65 | |||||
91 | |||||||
121 | 125 | 127 | |||||
130 | 131 | 132 | 133 | 134 | 135 | 136 | 137 |
141 | 142 |
Ескертпе
- Қателер жағдайында [Err**/Қате**] сөзі [
: Error details/
: Қате мәліметтері] параметрінің оң жағында көрсетіледі. Ол камераның қуаты
күйіне орнатылған кезде жоғалады.
11: Connection target not found (Қосылым мақсаты табылмады)
-
[Connect to smartphone(tablet)/Смартфонға (планшетке) қосылу] жағдайында Camera Connect іске қосылып тұр ма?
-
[Connect to EOS Utility/EOS Utility бағдарламалық жасақтамасына қосылу] жағдайында EOS Utility бағдарламалық жасақтамасы іске қосылып тұр ма?
-
Камера және кіру нүктесі аутентификацияға арналған бірдей шифрлау кілтін пайдалану үшін орнатылған ба?
12: Connection target not found (Қосылым мақсаты табылмады)
-
Мақсатты құрылғы және кіру нүктесі қосылған ба?
- Қабылдаушы құрылғыны және кіру нүктесін қосыңыз, одан кейін біраз күтіңіз. Қосылым әлі де орнатылмаса, қосылымды орнату процедураларын қайтадан орындаңыз.
21: No address assigned by DHCP server (DHCP сервері арқылы ешқандай мекенжай тағайындалмады)
Камерада тексерілуі керек нәрсе
-
Камерада IP мекенжайы [Auto setting/Автоматты түрде орнату] параметріне орнатылған. Осы дұрыс параметр ме?
DHCP серверінде тексерілетін нәрсе
-
DHCP сервер қуаты қосылған ба?
- DHCP серверін қосыңыз.
-
DHCP сервері арқылы тағайындау үшін жеткілікті мекенжайлар бар ма?
- DHCP сервері арқылы тағайындалған мекенжайлар санын арттырыңыз.
- Пайдаланудағы мекенжайлар санын азайту үшін құрылғылардың DHCP сервері арқылы тағайындалған мекенжайларын желіден алып тастаңыз.
-
DHCP сервері дұрыс жұмыс істеп тұр ма?
- DHCP сервері ретінде дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін DHCP сервер параметрлерін тексеріңіз.
- Қажет болса, DHCP сервері қолжетімді екеніне көз жеткізу үшін желілік әкімшіден сұраңыз.
22: No response from DNS server (DNS серверінен жауап жоқ)
Камерада тексерілуі керек нәрсе
-
Камерада DNS мекенжайы [Manual setting/Қолмен орнату] параметріне орнатылған. Осы дұрыс параметр ме?
-
Камерада DNS серверінің IP мекенжай параметрі сервердің нақты мекенжайына сәйкес пе?
DNS серверінде тексерілетін нәрсе
-
DNS сервер қуаты қосылған ба?
- DNS серверін қосыңыз.
-
IP мекенжайлары үшін DNS сервер параметрлері және тиісті атаулар дұрыс па?
- DNS серверінде IP мекенжайлар және тиісті атаулар дұрыс енгізілгеніне көз жеткізіңіз.
-
DNS сервері дұрыс жұмыс істеп тұр ма?
- DNS сервері ретінде дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін DNS сервер параметрлерін тексеріңіз.
- Қажет болса, DNS сервері қолжетімді екеніне көз жеткізу үшін желілік әкімшіден сұраңыз.
Жалпы алғанда желіде тексерілетін нәрсе
-
Желі құрамында шлюз қызметін атқаратын жол бағыттағыштар не ұқсас құрылғылар бар ма?
23: Device with same IP address exists on selected network (Таңдалған желіде IP мекенжайы бірдей құрылғы бар)
-
Камера желісіндегі басқа құрылғы камерамен бірдей IP мекенжайын пайдалануда ма?
- Желідегі басқа құрылғымен бірдей мекенжайдың пайдалануын болдырмау үшін камераның IP мекенжайын өзгертіңіз. Олай болмаса, көшірме мекенжайы бар құрылғының IP мекенжайын өзгертіңіз.
- Камераның IP мекенжайы DNS серверін пайдаланатын желі орталарында [Manual setting/Қолмен орнату] параметріне орнатылса, параметрді [Auto setting/Авто орнату] параметріне өзгертіңіз ().
Ескертпе
-
21–23-ші қате туралы хабарларға жауап беру
-
21–23-ке дейін нөмірленген қателерді қарастыру кезінде келесі тармақтарды да тексеріңіз.
Камера және кіру нүктесі аутентификацияға арналған бірдей құпия сөзді пайдалану үшін орнатылған ба?
61: Selected SSID wireless LAN network not found (Таңдалған SSID сымсыз LAN желісі табылмады)
-
Камера және кіру нүктесі антеннасының байланысу сызығын жауып қойған кедергілер бар ма?
- Кіру нүктесі антеннасын камераға анық көрінетін бұрышқа жылжытыңыз.
Камерада тексерілуі керек нәрсе
-
Камерада орнатылған SSID идентификаторы тиісті кіру нүктесіне сәйкес пе?
Кіру нүктесінде тексерілуі керек нәрсе
-
Кіру нүктесі қосылған ба?
- Кіру нүктесінің қуатын қосыңыз.
-
Егер MAC мекенжайының фильтрлеуі белсенді болса, қолданыстағы камераның MAC мекенжайы кіру нүктесінде тіркелген бе?
64: Cannot connect to wireless LAN termina (Сымсыз LAN ұясына қосылу мүмкін емес)
-
Камера және кіру нүктесі бірдей шифрлау кілтін пайдалану үшін орнатылған ба?
-
Егер MAC мекенжайының фильтрлеуі белсенді болса, қолданыстағы камераның MAC мекенжайы кіру нүктесінде тіркелген бе?
65: Wireless LAN connection lost (Сымсыз LAN қосылымы жоғалды)
-
Камера және кіру нүктесі антеннасының байланысу сызығын жауып қойған кедергілер бар ма?
- Кіру нүктесі антеннасын камераға анық көрінетін бұрышқа жылжытыңыз.
-
Сымсыз LAN байланысы, белгілі себептер бойынша, жоғалып кетті және қосылымды қайта қалпына келтіру мүмкін емес.
- Төмендегілер ықтимал себептер: кіру нүктесіне басқа құрылғыдан шамадан тыс қатынасу, жуық маңайда микротолқынды пеш не ұқсас құралдар пайдаланылуда (IEEE 802.11b/g/n (2,4 ГГц жиілігі) кедергі жасауда), болмаса жаңбыр не жоғары ылғалдық әсері бар.
91: Other error (Басқа қате)
-
11-83 қат кодының нөмірінен басқа проблема орын алды.
- Камераның қуат қосқышын өшіріп, қосыңыз.
121: Not enough free space on server (Серверде жеткілікті бос орын жоқ)
-
Мақсатты веб серверде жеткілікті бос орын жоқ.
- Веб сервердегі қажетсіз суреттерді жойыңыз, ондағы бос орынды тексеріңіз, одан кейін деректер қайтадан жіберіп көріңіз.
125: Check the network settings (Желі параметрлерін тексеру)
-
Желі қосылған ба?
- Желінің қосылым күйін тексеріңіз.
127: An error has occurred (Қате орын алды)
-
Камера веб-қызметке қосылып тұрғанда 121-126 қате коды нөмірінен басқа проблема орын алды.
- Image.canon қызметіне Wi-Fi қосылымын қайтадан орнатып көріңіз.
130: The server is currently busy
Please wait a moment and try again (Сервер қазір бос емес. Бір сәт күтіңіз және әрекетті қайталаңыз)
-
image.canon сайты қазір бос емес.
- image.canon сайтына Wi-Fi арқылы кейінірек қайтадан кіріп көріңіз.
131: Try again (Әрекетті қайталаңыз)
-
image.canon сайтына Wi-Fi арқылы қосылу кезінде қате орын алды.
- Image.canon қызметіне Wi-Fi қосылымын қайтадан орнатып көріңіз.
132: Error detected on server
Try again later (Серверде қате анықталды. Әрекетті кейінірек қайталаңыз)
-
image.canon сайты техникалық қызмет көрсету үшін қазір офлайн.
- image.canon сайтына Wi-Fi арқылы кейінірек қайтадан кіріп көріңіз.
133: Cannot log in to Web service (Веб-қызметке кіру мүмкін емес)
-
image.canon жүйесіне кіру кезінде қате орын алды.
- image.canon параметрлерін тексеріңіз.
- image.canon сайтына Wi-Fi арқылы кейінірек қайтадан кіріп көріңіз.
134: Set the correct date and time (Дұрыс күн мен уақытты орнату)
-
Күн, уақыт және уақыт белдеуі параметрлері дұрыс емес.
- [
: Date/Time/Zone/
: Күн/Уақыт/Белдеу] параметрлерін тексеріңіз.
- [
135: Web service settings have been changed (Веб-қызмет параметрлері өзгертілген)
-
image.canon үшін параметрлер өзгерген.
- image.canon параметрлерін тексеріңіз.
136: The QR code shown on the camera was not scanned correctly by the dedicated app. (Камерада көрсетілген QR кодын арнайы қолданба дұрыс сканерлеген жоқ.) Try camera web link setup again (Камераның веб-сілтемесін қайта орнатып көріңіз).
-
QR коды смартфон арқылы дұрыс сканерленбеген.
- Камераның веб-сілтеме параметрлерін қайта конфигурациялаңыз және камерада қайтадан көрсетілетін QR кодын сканерлеңіз.
137: The QR code shown on the camera has expired. (Камерада көрсетілген QR кодының мерзімі аяқталды.) Try camera web link setup again (Камераның веб-сілтемесін қайта орнатып көріңіз).
-
Көрсетілген QR кодының мерзімі аяқталды.
- Камераның веб-сілтеме параметрлерін қайта конфигурациялаңыз және камерада қайтадан көрсетілетін QR кодын сканерлеңіз.
141: Printer is busy. Try connecting again. (Принтер бос емес. Қосылуды қайта көріңіз.)
-
Принтер басып шығару жұмысын орындауда ма?
- Басып шығару процесін аяқтағаннан кейін принтермен Wi-Fi қосылымын қайта орнатыңыз.
-
Принтерге басқа камера Wi-Fi арқылы қосылған ба?
- Басқа камерамен Wi-Fi қосылымын аяқтаңыз, одан кейін принтермен Wi-Fi қосылымын қайта орнатыңыз.
142: Could not acquire printer information. Reconnect to try again. (Принтер ақпаратын алу мүмкін болмады. Әрекетті қайталау үшін қайта қосыңыз.)
-
Принтер қуаты қосулы ма?
- Принтерді қосыңыз, одан кейін онымен Wi-Fi қосылымын қайта орнатыңыз.