Шаңды жою деректерін алу

Шаң дақтарын өшіру үшін пайдаланылған Шаңды жою деректері суреттерге қосылуы мүмкін. Шаң дақтарын автоматты түрде кетіру үшін Шаңды жою деректері Digital Photo Professional (EOS бағдарламалық жасақтамасы) бірге пайдаланылады.

Дайындық

  • RF немесе EF объективтерін пайдаланыңыз.
  • Бір парақ қағаз сияқты қатты ақ затты дайындаңыз.
  • Объективтің фокустау ұзындығын 50 мм не одан ұзын қылып орнатыңыз.
  • Фокустау режимін MF () мәніне орнатып, шексіздікте (∞) қолмен фокустаңыз. Егер объективтің қашықтық шкаласы болмаса, камераны өзіңізге қаратып айналдырыңыз және фокустау сақинасын толығымен сағат тіліне қарсы бұраңыз.
  1. [Түсіру: Dust Delete Data/Түсіру: Шаңды жою деректері] параметрін таңдаңыз.

  2. [OK] түймесін таңдаңыз.

  3. Тегіс ақ нысанды суретке түсіріңіз.

    • 20–30 см қашықтықта экранды толтыратын кəдімгі ақ нысанмен (ақ қағаздың жаңа парағы сияқты) түсіріңіз.
    • Сурет сақталмайтынтындықтан, тіпті, егер камерада карта болмаса да деректер әлі де алынады.
    • Суретке түсірген кезде камера шаңды жою деректерін жинауды бастайды. Шаңды жою деректері алынған соң, хабар пайда болады.
    • Егер деректер сәтті алынбаса, қате туралы хабар пайда болады. Дайындық бөліміндегі ақпаратты тексеріңіз, [OK] тармағын таңдаңыз және қайтадан түсіріңіз.

Шаңды жою деректерін қосу

Камера алынған Шаңды жою деректерін бұдан әрі барлық түсірілімдерге қосады. Түсірместен бұрын Шаңды жою деректерін алу ұсынылады.

Шаң дақтарын автоматты түрде жою үшін Digital Photo Professional (EOS бағдарламалық жасақтамасы) бағдарламалық жасақтамасын пайдалану туралы мәліметтер алу үшін Digital Photo Professional нұсқаулығын қараңыз.

Файл өлшеміне суреттерге қосылған Шаңды жою деректері айтарлықтай әсер етпейді.

Ескерту

  • Егер парақта кез келген өрнек не сурет болса, ол шаң деректері ретінде танылып, Digital Photo Professional бағдарламасымен (EOS бағдарламалық жасақтамасы) шаңды жою дәлдігіне әсер етеді.
  • Dust Delete Data (Шаңды жою деректері) келесі жағдайларда түсірілген түсірілімдерге қосылады.
    • [Қолмен түсірілетін түнгі көрініс] немесе [HDR артқы жарығын басқару] (Арнайы көрініс режимі) түсіруде
    • [«Балық көзі» әсері] (Шығармашыл сүзгілер режимі) түсіруде
    • Көп түсірілім шуын азайту орнатылған кезде
    • HDR режимінде түсіруде
    • [Түсіру: Lens aberration correction/Түсіру: Объектив аберрациясын түзету] терезесінде [Distortion correction/Бұрмалануды түзету] параметрі [Enable/Қосу] мәніне орнатылғанда