Қуатты үнемдеу
Экран күңгірттеліп, одан кейін өшетін, камера өшетін және көріністапқыш камера әрекетсіз қалғаннан кейін өшетін уақытты реттеуіңізге болады (Screen dimmer (Экран күңгірттегіш), Screen off (Экран өшірулі), Auto power off (Автоматты қуат өшіру) және Viewfinder off (Көріністапқыш өшірулі).
-
[: Power saving/: Қуатты үнемдеу] параметрін таңдаңыз.
-
Параметрді таңдаңыз.
Ескертпе
- [Screen dimmer/Экран күңгірттегіш] және [Screen off/Экран өшірулі] түсіру экраны көрсетіліп тұрғанда қолданылады. Бұл параметрлер мәзір дисплейі немесе суретті ойнату кезінде қолданылмайды.
- Камера мәзір дисплейі немесе суретті ойнату кезінде [Screen dimmer/Экран күңгірттегіш], [Screen off/Экран өшірулі] және [Auto power off/Автоматты қуат өшіру] терезесінде орнатылған уақыт өткеннен кейін өшеді.
- Экранды қорғау үшін камера экранды ол күңгірттелгеннен кейін 30 минттан кейін (камераның өзі қосулы қалса да) [Screen off/Экран өшірулі] жәге [Auto power off/Автоматты қуат өшіру] параметрлері [Disable/Өшіру] мәніне орнатылса да өшіреді.
- [Viewfinder off/Көріністапқыш өшірулі] параметрі экран әлі қосулы кезде де қолданылады. Бұл уақыт өткеннен кейін, көріністапқыш сенсоры ажыратылады.
- Көріністапқыш дисплейі кезінде тек [Viewfinder off/Көріністапқыш өшірулі] параметрі қолданылады. Бұл уақыт өткеннен кейін, көріністапқыш сенсоры ажыратылады және көріністапқыш өшеді.
- Экрандағы суреттер фотосуреттер түсіру кезінде экран күңгірттелгеннен кейін төмен кадр жиілігінде көрсетіледі.
- Автоматты қуат өшіру камера USB немесе Mobile File Transfer арқылы қосылған кезде жұмыс істемейді.