Zebra параметрлері

Экспозицияны фильм жазудан бұрын немесе фильм жазу кезінде реттеуіңізге көмектесу үшін жолақты өрнекті көрсетілген ашықтықтың сурет аймақтарының үстінде немесе айналасында көрсетуіңізге болады.

  1. [Түсіру: Zebra settings/Түсіру: Zebra параметрлері] параметрін таңдаңыз.

  2. [Zebra] параметрін таңдаңыз.

    • [On/Қосу] параметрін таңдаңыз.
  3. [Zebra pattern/Zebra өрнегі] параметрін таңдаңыз.

    • [Zebra 1]: Солға қисайған жолақтарды көрсетілген ашықтық аймақтарының айналасында көрсетеді.
    • [Zebra 2]: Оңға қисайған жолақтарды көрсетілген ашықтықтан асатын аймақтар үстінде көрсетеді.
    • [Zebra 1+2]: [Zebra 1] және [Zebra 2] параметрлерінің екеуін де көрсетеді.

      [Zebra 1] дисплейі [Zebra 1] және [Zebra 2] дисплей аймақтары қабаттасқан жерде басымдыққа ие болады.

  4. Деңгейді орнатыңыз.

    Zebra 1 деңгейі

    Zebra 2 деңгейі

    • Жылдам басқару дискісі 1 немесе Жылдам басқару дискісі 2 дискісін бұрау немесе Көп функциялы басқару құралы түймесін жоғары немесе төмен басу арқылы орнатыңыз.

Ескертпе

  • Ең жоғарғы ашықтық мәні HDR-PQ орнатылған кезде 100%-ға жетпейді. Маскималды ашықтық мәні [Түсіру: Highlight tone priority/Түсіру: Ашық реңк артықшылығы] және [Shooting: Picture Style] параметрлеріне байланысты әрүрлі болады.
  • Ең жоғарғы ашықтық мәні Canon Log немесе кеңейтілген ISO көрсеткiшi орнатылған кезде 100%-ға жетпейді.
  • [Zebra pattern/Zebra өрнегі] параметрін орнатқанда Zebra дисплейінің деңгейін алдын ала тексеру ұсынылады.