Шаңды жою деректерін алу
Шаң нүктелерін жою үшін пайдаланылған Шаңды жою деректерін суреттерге сенсорды тазалау сенсорда шаң қалдырған жағдайда қосуға болады. Шаң дақтарын автоматты түрде кетіру үшін Шаңды жою деректері Digital Photo Professional (EOS бағдарламалық жасақтамасы) бірге пайдаланылады.
Дайындық
- RF немесе EF объективтерін пайдаланыңыз.
- Бір парақ қағаз сияқты қатты ақ затты дайындаңыз.
- Объективтің фокустау ұзындығын 50 мм не одан ұзын қылып орнатыңыз.
- Объективтің фокустау режимінің қосқышын күйіне орнатыңыз және фокусты шексіздікке орнатыңыз (∞). Егер объективтің қашықтық шкаласы болмаса, камераны өзіңізге қаратып айналдырыңыз және фокустау сақинасын толығымен сағат тіліне қарсы бұраңыз.
-
[: Dust Delete Data/: Шаңды жою деректері] параметрін таңдаңыз.
-
[OK] түймесін таңдаңыз.
- Сенсордың өздігінен авто тазалауы орындалған соң, хабар пайда болады. Тазалау кезінде ысырманың механикалық дыбысы болғанымен ешқандай сурет түсірілмейді.
-
Тегіс ақ нысанды суретке түсіріңіз.
- 20–30 см қашықтықта экранды толтыратын кəдімгі ақ нысанмен (ақ қағаздың жаңа парағы сияқты) түсіріңіз.
- Сурет сақталмайтынтындықтан, тіпті, егер камерада карта болмаса да деректер әлі де алынады.
- Суретке түсірген кезде камера шаңды жою деректерін жинауды бастайды. Шаңды жою деректері алынған соң, хабар пайда болады.
- Егер деректер сәтті алынбаса, қате туралы хабар пайда болады. Дайындық бөліміндегі ақпаратты тексеріңіз, [OK] тармағын таңдаңыз және қайтадан түсіріңіз.
Шаңды жою деректерін қосу
Камера алынған Шаңды жою деректерін бұдан әрі барлық түсірілімдерге қосады. Түсірместен бұрын Шаңды жою деректерін алу ұсынылады.
Шаң дақтарын автоматты түрде жою үшін Digital Photo Professional (EOS бағдарламалық жасақтамасы) бағдарламалық жасақтамасын пайдалану туралы мәліметтер алу үшін Digital Photo Professional нұсқаулығын қараңыз.
Файл өлшеміне суреттерге қосылған Шаңды жою деректері айтарлықтай әсер етпейді.
Ескерту
- Шаңды жою деректері RF-S немесе EF-S объективтері пайдаланылғанда немесе [: Cropping/aspect ratio/: Қиып алу/Пропорциялар] параметрі [1.6x (crop)/1.6x (қиып алу)] мәніне орнатылған кезде алынбайды.
- Шаңды жою деректері [Distortion correction/Бұрмалануды түзету] параметрі [Enable/Қосу] мәніне орнатылған кезде суреттерге қосылмайды.
- Егер парақта кез келген өрнек не сурет болса, ол шаң деректері ретінде танылып, Digital Photo Professional бағдарламасымен (EOS бағдарламалық жасақтамасы) шаңды жою дәлдігіне әсер етеді.