Мульти функция тоспа

Мульти функция тоспасы — қосалқы құралдарға қуат жеткізетін және кеңейтілген байланыс функцияларын ұсынатын тікелей қосу байланысы.

Мульти функция тоспасын пайдалану

Топса қақпағын алу

  • Топса қақпағын (1) суретте белгіленген бөлікті (A) саусағыңызбен көрсетілгендей басу арқылы шығарып алыңыз. Алғаннан кейін топса қақпағын жоғалтып алмайтындай етіп қолайлы жерде сақтаңыз.

Қосалқы құралдарды тіркеу

  • Мульти функция тоспасының контактілері арқылы байланысатын қосалқы құралдарды тіркеу кезінде қосалқы құралдың бекіту аяғын орнына сырт етіп түскенше кіргізіңіз, одан кейін бекіту аяғын бекіту үшін оны құлыптау тетігіне сырғытыңыз. Мәліметтер алу үшін қосалқы құралдың пайдалану нұсқаулығын қараңыз.
  • Келесі қосалқы құралдарды мульти функция тоспасына тікелей қосу мүмкін емес.

    • Speedlite EL-1/600EXII-RT/600EX-RT/580EX II
    • Speedlite Transmitter ST-E3-RT (Нұсқа: 2)/ST-E3-RT
    • OC-E3 камерадан тыс топса сымы
  • Жоғарыда тізілген қосалқы құралдарды камерамен пайдалану үшін сізге AD-E1 мульти функция тоспасының адаптері керек, бөлек сатылады. Мәліметтерді AD-E1 нұсқаулығынан қараңыз.
  • Тікелей қосу байланысына арналғаннан басқа қосалқы құралдарды тіркеу кезінде қосалқы құралдың бекіту аяғын толығымен ішке кіргізіңіз, одан кейін бекіту аяғын бекіту үшін оны құлыптау тетігіне сырғытыңыз. Мәліметтер алу үшін қосалқы құралдың пайдалану нұсқаулығын қараңыз.
  • EVF-DC2/EVF-DC1 электрондық көріністапқышты мульти функция тоспасына тіркеу мүмкін емес. Оны күштеп бекітуге тырысу оны немесе мульти функция тоспасын зақымдауы мүмкін.

Топса қақпағын бекіту

  • Мульти функция тоспасынан қосалқы құралдарды алғаннан кейін, контактілерді шаң мен судан қорғау үшін тоспа қақпағын қайта бекітіңіз.
  • Топса қақпағын толығымен ішке қарай суреттегі белгіленген бөлікті (B) басу арқылы көрсетілгендей сырғытыңыз.

Ескерту

  • Қосалқы құралдарды Қосалқы құралдарды тіркеу бөлімінде сипатталғандай дұрыстап тіркеңіз. Бос тіркеме камераның немесе қосалқы құралдардың бұзылуына әкелуі мүмкін, ал қосалқы құралдар құлауы мүмкін.
  • Мульти функция тоспасынан барлық бөтен материалды сатып алуға болатын үрлегішпен немесе ұқсас құралмен үрлеп тастаңыз.
  • Мульти функция тоспасын пайдаланбастан бұрын ол ылғалданған жағдайда кебуін күтіңіз.