Picture Style мәнерін тіркеу

[Portrait/Портрет] немесе [Landscape/Ландшафт] сияқты негізгі Picture Style параметрін таңдауыңызға, оны қажетінше реттеуіңізге және оны [User Def. 1/Пайдаланушы анықт. 1] – [User Def. 3/Пайдаланушы анықт. 3] бойынша тіркеуіңізге болады. Түрлі параметрлермен бірнеше Picture Style мәнерлерін жасау кезінде пайдалы.

EOS Utility бағдарламасын пайдаланып (EOS бағдарламалық жасақтамасы, ) камерада тіркеген Picture Style мәнерлеріңізді де осы жерде өзгертуге болады.

  1. [Түсіру: Picture Style] параметрін таңдаңыз.

  2. [User Def./Пайдаланушы анық.] параметрін таңдаңыз.

    • [User Def. */Пайд.анықт.*] опциясын таңдап, INFO түймесін басыңыз.
  3. Жылдам басқару/Орнату түймесін басыңыз.

    • [Picture Style] таңдаулы кезде Жылдам басқару/Орнату түймесін басыңыз.
  4. Негізгі Picture Style параметрін таңдаңыз.

    • Негізгі Picture Style опциясын таңдап, Жылдам басқару/Орнату түймесін басыңыз.
    • Сондай-ақ, EOS Utility бағдарламасымен (EOS бағдарламалық жасақтамасы) камераға тіркелген мәнерлерді реттеу кезінде мәнерлерді осы жолмен таңдаңыз.
  5. Параметрді таңдаңыз.

    • Опцияны таңдап, Жылдам басқару/Орнату түймесін басыңыз.
  6. Әсер деңгейін орнатыңыз.

    • Реттелген параметрді сақтау және Picture Style тармағын таңдау экранына оралу үшін MENU түймесін басыңыз.
    • Негізгі Picture Style [User Def. */Пайд.анықт.*] тармағының оң жағында анықталады.
    • [User Def. */Пайдаланушы анықт. *] параметріндегі көк стильді атаулар әдепкі мәндерден өзгертілді.

Ескерту

  • Егер Picture Style [User Def. */Пайдаланушы анықт. *] параметрінде әлдеқашан тіркеліп қойған болса, негізгі Picture Style мәнін өзгерту бұрын тіркелген Пайдаланушы анықтаған Picture Style параметрлерін тазалайды.
  • [Орнату: Reset camera/Орнату: Камераны бастапқы қалпына келтіру] бөлімінде [Basic settings/Негізгі параметрлер] таңдау арқылы әдепкі [User Def. */Пайдаланушы анықт. *] стилі мен параметрлерін қалпына келтіре аласыз.

Ескертпе

  • Тіркелген Picture Style арқылы түсіру үшін, тіркелген [User Def. */Пайдаланушы анықт. *] стилін таңдап, түсіріңіз.
  • Picture Style файлын камераға тіркеу бойынша нұсқауларды EOS Utility нұсқаулығынан қараңыз.