Топтық фотосурет режимі

Топтық фотосуреттерді түсіру үшін [Топтық фотосурет] (Group Photo/Топтық фотосурет) режимін пайдаланыңыз. Адамдарды алдынан артына дейін барлығын фокусқа алып түсіре аласыз.

Кеңестер Түсіру бойынша кеңестер

  • Кең бұрышты объективті пайдаланыңыз.

    Масштабтау объективтерінің көмегімен кең бұрышты шетінің жанында кішірейту бір уақытта алдыда және артта тұрған әрбір адамды фокустауды оңайлатады. Сондай-ақ, нысандар жақтаудың ішіне толығымен сыю үшін олардан сәл алысырақ тұру арқылы айқындылық шегін арттыруыңызға болады.

  • Топты бірнеше рет суретке түсіріңіз.

    Бірнеше суретке түсіру – жақсы ой, себебі адамдар кейде көздерін жұмып қалады.

Ескертпе

  • Бөлменің ішінде немесе көмескі жарықта суретке түсіру кезінде камераны қозғалтпай ұстап тұрыңыз немесе мосыны пайдаланыңыз.

Ескерту

  • Көрініс бұрышы бұрмалануды түзетуге байланысты аздап өзгереді.
  • Түсіру жағдайларына байланысты барлық адамды фокустау мүмкін болмайды.