Камераны зарядтау/қуат көзіне қосу үшін USB қуат адаптерін пайдалану
PD-E1 USB қуат адаптерін (бөлек сатылады) пайдаланып LP-E6P, LP-E6NH немесе LP-E6N батарея жинағын камерадан алмастан зарядтай аласыз. Камераны қуат көзіне қосуға да болады. LP-E6 батарея жинағын бұл жолмен зарядтау мүмкін емес екенін ескеріңіз.
Зарядтау
-
USB қуат адаптерін қосыңыз.
- Камераның қуат қосқышы күйіне орнатылып тұрғанда, USB қуат адаптерін сандық ұяға толық кіргізіңіз.
-
Қуат сымын жалғаңыз.
- Қуат сымын USB қуат адаптеріне қосыңыз және екінші ұшын қуат розеткасына қосыңыз.
- Зарядтау басталады және қатынасу шамы (1) жасыл түспен жанады.
- Зарядтау аяқталғанда, қатынасу шамы өшеді.
Қуатпен жабдықтау
Камераны зарядтаусыз желіден қуаттандыру үшін камераның қуат қосқышын күйіне орнатыңыз. Дегенмен, батареялар автоматты қуат өшіру кезінде зарядталады.
[] белгішесі камера осы жолмен қуат көзіне қосылып тұрғанда экранда көрсетіледі.
Камераны желіден қуаттандырудан зарядтауға ауыстыру үшін камераның қуат қосқышын күйіне орнатыңыз.
Ескерту
- Камерада батарея жинағы бар кезде оны желіден қуаттандыру мүмкін емес.
- Батареялар таусылған кезде, адаптер оларды зарядтайды. Бұл жағдайда, қуат камераға берілмейді.
- Қуат жинағын қорғау және оны оңтайлы жағдайда сақтау үшін оны 24 сағаттан көп уақыт бойы үздіксіз зарядтамаңыз.
- Зарядтау шамы жанбаса немесе зарядтау кезінде проблема орын алса (жасыл түсте жыпылықтаған қатынасу шамы арқылы көрсетілген), қуат сымын ажыратыңыз, батареяны қайта салыңыз және оны қайта қоспастан бұрын бірнеше минут күтіңіз. Проблема қайталанса, камераны ең жақын Canon қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
- Қажетті зарядтау уақыты мен зарядталған мөлшер орта температурасы мен қалған сыйымдылыққа байланысты өзгереді.
- Қауіпсіздік үшін төмен температураларда зарядтау үшін ұзақ уақыт кетеді.
- Қуат камераға берілген кезде қалған батарея деңгейі төмендеуі мүмкін. Батарея қуатының таусылуын болдырмау үшін қалыпты аралықтарда түсіру кезінде толық зарядталған батареяны пайдаланыңыз.