Picture Style параметрін таңдау

Алдын ала орнатылған Picture Style мәнерін жай ғана таңдау арқылы фотосурет мәнерлілігіңізге немесе нысанға сәйкес келетін сурет сипаттамаларына тиімді түрде қол жеткізе аласыз.

Интеллектуалды авто көрініс режимінде [Авто] (Авто) параметрі автоматты түрде орнатылады.

  1. [Түсіру: Picture Style] параметрін таңдаңыз.

  2. Picture Style тармағын таңдаңыз.

Picture Style сипаттамалары

  • Auto (Авто) Auto (Авто)

    Көрініске сай келуі үшін түс реңкі автоматты түрде реттеледі. Түстер көк аспан, көк шөп және күннің батуы үшін әсіресе табиғатта, далада және күннің батуы көріністерінде жанды көрінеді.

    Ескертпе

    • Егер қалаған түс реңкі [Auto/Авто] режимі арқылы алынбаса, басқа Picture Style мәнерін пайдаланыңыз.
  • Стандартты Standard (Стандартты)

    Сурет ашық, анық және айқын болып көрінеді. Көптеген көріністер үшін қолайлы.

  • Portrait (Портрет) Portrait (Портрет)

    Анықтығы азырақ тегіс тері түстері үшін. Жақыннан түсіру портреттеріне арналған.

    Тері реңкін параметрлер мен әсерлер бөлімінде сипатталғандай [Color tone/Түс реңкі] параметрін өзгерту арқылы реттеуіңізге болады.

  • Landscape (Ландшафт) Landscape (Ландшафт)

    Ашық көк және жасыл түстерге, өте анық және айқын суреттерге арналған. Әсерлі ландшафттар үшін тиімді.

  • Fine Detail (Майда мәліметтер) Fine Detail (Майда мәліметтер)

    Майда нысан контурлары мен жұқа текстураларды толық көрсету үшін. Түстер аздап ашық болады.

  • Neutral (Бейтарап) Neutral (Бейтарап)

    Компьютерде кейінірек қайта өңдеу үшін. Суреттерді төмен контрастпен және табиғи түс реңктерімен көмескі етеді.

  • Faithful (Дәл) Faithful (Дәл)

    Компьютерде кейінірек қайта өңдеу үшін. 5200K түс температурасымен күндізгі жарықта өлшенгендей нысандардың нақты түстерін дәл шығарады. Суреттерді төмен контрастпен көмескі етеді.

  • Monochrome (Монохромды) Monochrome (Монохромды)

    Қара және ақ суреттер жасайды.

    Ескерту

    • Түсті суреттерді [Monochrome/Монохромды] Picture Style параметрімен түсірілген JPEG суреттерінен қалпына келтіру мүмкін емес.
  • Пайдаланушы анықтаған User Def. 1–3 (Пайдаланушы анық.1–3)

    [Portrait/Портрет] немесе [Landscape/Ландшафт] немесе Picture Style файлы сияқты алдын ала орнатылған параметрлер негізінде жаңа мәнерді қосуыңызға, одан кейін оны қажетінше реттеуіңізге болады (). Кез келген әлі тіркелмеген Пайдаланушы анықтаған Picture Style мәнерімен суреттер [Standard/Стандартты] әдепкі параметрлерін пайдаланғандағыдай бірдей сипаттамалық параметрлермен түсіріледі.

Таңбалар

Picture Style параметрін таңдау экранындағы белгішелер [Sharpness/Анықтық] параметрінің, сонымен қатар [Contrast/Контраст] параметрінің және басқа параметрлердің [Strength/Күштілік], [Fineness/Дәлдік] және [Threshold/Шек] мәндерін көрсетеді. Сандар тиісті Picture Style үшін көрсетілген осы параметрлердің мәндерін білдіреді.

Sharpness (Анықтық) Sharpness (Анықтық)
Strength (Күштілік) Strength (Күштілік)
Fineness (Дәлдік) Fineness (Дәлдік)
Threshold (Шек) Threshold (Шек)
Contrast (Контраст) Contrast (Контраст)
Saturation (Қанықтық) Saturation (Қанықтық)
Color tone (Түс реңкі) Color tone (Түс реңкі)
Filter effect (Monochrome) (Сүзгі әсері (Монохромды)) Filter effect (Сүзгі әсері) (Монохромды)
Toning effect (Monochrome) (Реңк беру әсері (Монохромды)) Toning effect (Реңк беру әсері) (Монохромды)

Ескерту

  • Фильм жазу үшін «*, *» белгісі [Sharpness/Анықтық] параметрінің [Fineness/Дәлдік] және [Threshold/Шек] параметрлері үшін көрсетіледі. [Fineness/Дәлдік] және [Threshold/Шек] параметрлерін фильм жазу үшін орнату мүмкін емес.