Автоэкспозиция брекетингі (AEB)
Экспозиция брекетингінде ысырма жылдамдығын, апертура мәнін немесе ISO көрсеткiшiн автоматты түрде реттеу арқылы үш реттік сурет түрлі экспозицияларда ±3 тоқтауға дейінгі (1/3 тоқтау қадамдарында) көрсеткен ауқымыңыз ішінде түсіріледі.
AEB авто экспозиция брекетингі дегенді білдіреді.
-
[: Expo.comp./AEB/: Эксп.комп./AEB] параметрін таңдаңыз.
-
AEB ауқымын орнатыңыз.
- AEB ауқымын (1) орнату үшін дискісін бұраңыз. дискісін бұрау арқылы экспозиция компенсациясының шамасын орната аласыз.
- Оны таңдау үшін түймесін басыңыз.
- Мәзірді жапқан кезде AEB ауқымы экранда көрсетіледі.
-
Суретке түсіріңіз.
Стандартты экспозиция
Азайтылған экспозиция
Арттырылған экспозиция
- Үш брекетингтелген түсірілім көрсетілген жетек режиміне сай мына ретпен түсіріледі: Стандартты экспозиция, азайтылған экспозиция және көбейтілген экспозиция.
- AEB автоматты түрде болдырылмайды. AEB болдырмау үшін, АЕВ ауқымының дисплейін өшіру үшін 2-қадамды орындаңыз.
Ескерту
Ескертпе
- [] белгішесі AEB кезінде экранның төменгі сол жағында жыпылықтайды.
- Жетек режимі [] параметріне орнатылса, ысырма түймесін әрбір түсірілім үшін үш рет басыңыз. [], [] немесе [] режимінде ысырма түймесін толық басып тұру камера түсіруді автоматты түрде тоқтатпастан бұрын үш суретті бірінен кейін бірін түсіреді. [] немесе [] параметрі орнатылған кезде, үш реттік түсірілім 10 немесе 2 секундтық кідірістен кейін түсіріледі.
- AEB түсіруін экспозиция компенсациясымен бірге орнатуға болады.
- AEB функциясы жарқылмен фотосуретке түсіруде немесе шам экспозицияларында немесе Бірнеше түсірілім шуын азайту мүмкіндігімен, HDR режимімен, фокус брекетингімен немесе электрондық ысырма орнатылған кезде қолжетімді болмайды.
- Келесі әрекеттердің кез келгенін орындасаңыз, AEB автоматты түрде болдырылмайды: қуат қосқышын күйіне орнату немесе жарқыл толық зарядталған кезде.