Қуатты қосу
- Күнді, уақытты және уақыт белдеуін орнату
- Интерфейс тілін өзгерту
- Сенсорды авто тазалау
- Батарея деңгейінің көрсеткіші
-
Камера іске қосылады.
-
Камера өшіріледі және жұмыс істемейді. Камераны пайдаланбаған кезде қуат қосқышын осы күйге орнатыңыз.
Ескертпе
- Сурет картаға жазылып жатқан кезінде қуат қосқышын күйіне орнатсаңыз, [Saving.../Сақталуда...] көрсетіледі және қуат суретті жазу аяқталғаннан кейін өшеді.
Күнді, уақытты және уақыт белдеуін орнату
Камераны қоссаңыз және күн/уақыт/белдеу орнату экраны пайда болса, күнді/уақытты/белдеуді орнату үшін Күн/уақыт/белдеу бөлімін қараңыз.
Интерфейс тілін өзгерту
Интерфейс тілін өзгерту үшін Тіл бөлімін қараңыз.
Сенсорды авто тазалау
- Қуат қосқышы күйіне орнатылған кезде, сенсор автоматты түрде тазаланады (ол әлсіз дыбыс шығарады). Сенсорды тазалау кезінде экран [] белгішесін көрсетеді. Автоматты түрде тазалауды қуат қосқышы күйіне орнатылған кезде де қосу үшін оны [: Sensor cleaning/: Сенсорды тазалау] терезесінде орнатуыңызға болады ().
- Қуат қосқышын немесе күйіне қысқа уақыт мерзімінде қайталап бұрасаңыз, [] белгішесі көрсетілмеуі мүмкін, бірақ бұл камераның бұзылғанын білдірмейді.
Батарея деңгейінің көрсеткіші
Қуат қосқышы күйіне орнатылатын кезде, батарея деңгейі көрсетіледі.
Дисплей | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Деңгей (%) | 100–70 | 69–50 | 49–20 | 19–10 | 9–1 | 0 |
Ескертпе
- Келесілердің кез келгенін орындау батарея зарядын тез тауысады:
- Ысырма түймесін ұзақ уақыт жартылай басып тұру.
- AF функциясын суретке түсірмей жиі белсендіру.
- Image Stabilizer (Сурет тұрақтандырғышы) құралын пайдалану
- Wi-Fi функциясын немесе Bluetooth функциясын пайдалану.
- Нақты түсіру шарттарына байланысты қолжетімді түсірілімдер саны азаюы мүмкін.
- Объектив операциялары камера батареясынан қуатталады. Белгілі бір объективтер батарея зарядын басқаларға қарағанда тезірек тауысады.
- Батарея күйін тексеру үшін [: Battery info./: Батарея ақпараты] терезесін қараңыз ().
- Сыртқы төмен температурада түсіру батарея деңгейі жеткілікті болса да мүмкін болмайды.