Батареяны зарядтау
-
Батареямен берілген қорғаныс қақпағын ажыратыңыз.
-
Батареяны зарядтау құрылғысына толық кіргізіңіз.
- Батареяны шығарып алу үшін керісінше орындаңыз.
-
Батареяны зарядтаңыз.
LC-E6 үшін
- Көрсеткімен көрсетілгендей зарядтау құрылғысының істіктерін ашыңыз және істіктерді қуат розеткасына тығыңыз.
LC-E6E үшін
- Қуат сымын зарядтау құрылғысына жалғаңыз және айырды розеткаға қосыңыз.
- Қайта зарядтау автоматты түрде басталады және зарядтау шамы қызғылт сары болып жыпылықтайды.
Зарядтау деңгейі | Зарядтау шамы | |
---|---|---|
Түс | Дисплей | |
0-49% | Қызғылт сары | Секунд сайын жыпылықтайды |
50-74% | Әр секундта екі рет жыпылықтайды | |
75% не одан жоғары | Әр секундта үш рет жыпылықтайды | |
Толығымен зарядталған | Жасыл | Қосылған |
-
Таусылған батареяны зарядтау бөлме температурасында (23°C) шамамен 2 сағ. 30 мин. уақыт алады. Батареяны зарядтауға жұмсалатын уақыт орта температурасына және батареяның қалған зарядына байланысты әр түрлі болады.
- Қауіпсіздік үшін төмен температураларда (5–10°C) зарядтау үшін ұзақ уақыт (шамамен 4 сағатқа дейін) кетеді.
-
Сатып алынған кезде батарея толығымен зарядталмаған болады.
Пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз.
-
Батареяны пайдаланудан бір күн бұрын немесе пайдаланылатын күні зарядтаңыз.
Зарядталған батареялар өздерінің зарядын олар пайдаланылмаған кезде де біртіндеп жоғалтады.
-
Батареяны зарядтағаннан кейін оны шығарып алыңыз және зарядтау құралын розеткадан алыңыз.
-
Батареяның зарядталған не зарядталмағанын білдіру үшін қорғаныс қақпағын әртүрлі бағытта тіркеуіңізге болады.
Батарея зарядталса, берілген қорғаныс қақпағын батарея кескінді тесік батареядағы көк жапсырма үстіне тураланатындай етіп тіркеңіз. Батарея заряды таусылса, қорғаныс қақпағын қарсы бағытта бекітіңіз.
-
Камераны пайдаланбаған кезде батареяны алып тастаңыз.
Егер батарея камера ішінде ұзақ уақытқа қалса, қуат тогының аз бөлігі босатылады және ол зарядтың жылдам таусылуына және батареяның жарамдылық мерзімінің қысқаруына себеп болады. Батареяның қорғаныс қақпағын бекітіп сақтаңыз. Батареяны толығымен зарядтап сақтау оның өнімділігін нашарлатуы мүмкін.
-
Сондай-ақ, зарядтау құрылғысын басқа елдерде де пайдалануға болады.
Зарядтау құрылғысы 100 В АТ - 240 В АТ 50/60 Гц қуат көзімен үйлесімді болып табылады. Қажет болса, тиісті ел немесе аймақ үшін сатып алуға болатын аша адаптерін жалғаңыз. Зақымды болдырмау үшін тасымалы кернеу трансформаторларын қоспаңыз.
-
Егер батарея толығымен зарядталғаннан кейін де жылдам таусылатын болса, ол батареяның қызмет көрсету мерзімінің аяқталғандығын білдіреді.
Батареяны зарядтау өнімділігін () тексеріңіз және қажетінше жаңа батарея сатып алыңыз.