Бағдарламалық жасақтама
- Бағдарламалық жасақтаманы шолу
- EOS бағдарламалық жасақтамасын немесе басқа арнайы бағдарламалық жасақтаманы жүктеп алу және орнату
- Бағдарламалық жасақтаманың нұсқаулығын жүктеп алу
Бағдарламалық жасақтаманы шолу
Бұл бөлімде EOS камераларымен пайдаланылатын бағдарламалық жасақтаманың қысқаша сипаттамасы беріледі. Бағдарламалық жасақтаманы жүктеп алу және орнату үшін Интернет қосылымы керек. Бағдарламалық жасақтаманы Интернет қосылымы жоқ орталарда жүктеп алу немесе орнату мүмкін емес.
EOS Utility
Түсірілген фотосуреттеріңіз бен фильмдеріңізді камерадан қосылған компьютерге тасымалдауыңызға, компьютерден түрлі камера параметрлерін орнатуыңызға және компьютерден қашықтан түсіруіңізге мүмкіндік береді.
Digital Photo Professional
RAW суреттерін түсіретін пайдаланушыларға ұсынылған бағдарламалық жасақтама. Суретті қарауға, өңдеуге, басып шығаруға және т.б. әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.
Picture Style Editor
Бар Picture Style файлдарын өңдеуіңізге немесе түпнұсқа Picture Style файлдарын жасап, сақтауыңызға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламалық жасақтама сурет өңдеумен таныс пайдаланушыларға арналған.
EOS бағдарламалық жасақтамасын немесе басқа арнайы бағдарламалық жасақтаманы жүктеп алу және орнату
Әрқашан бағдарламалық жасақтаманың ең соңғы нұсқасын орнатыңыз.
Орнатылған кез келген алдыңғы нұсқаларды ең соңғы нұсқамен қайта жазу арқылы оларды жаңартыңыз.
Ескерту
- Бағдарламалық жасақтаманы орнатпай камераны компьютерге жалғамаңыз. Бағдарламалық жасақтама дұрыс орнатылмайды.
- Бағдарламалық жасақтаманы компьютер Интернетке қосылмайынша орнату мүмкін емес.
- Алдыңғы нұсқалар осы камерадан суреттерді дұрыс көрсете алмайды. Сондай-ақ, осы камерадан RAW суреттерін өңдеу мүмкін емес.
-
Бағдарламалық жасақтаманы жүктеп алыңыз.
-
Интернетке компьютерден қосылыңыз және келесі Canon веб-торабына кіріңіз.
- Еліңізді немесе тұратын аймағыңызды таңдаңыз және бағдарламалық жасақтаманы жүктеп алыңыз.
- Бағдарламалық жасақтамаға байланысты камераның сериялық нөмірін енгізуіңіз керек болуы мүмкін. Сериялық нөмір камераның астында.
-
Оны компьютерде мұрағаттан шығарыңыз.
-
Windows үшін
Орнатқышты іске қосу үшін көрсетілген орнатқыш файлын басыңыз.
-
macOS үшін
dmg файлы жасалады және көрсетіледі. Орнатқышты іске қосу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
-
dmg файлын екі рет басыңыз.
-
Диск белгішесі мен орнатқыш файлы жұмыс үстелінде пайда болады.
Орнатқыш файлы пайда болмаса, оны көрсету үшін диск белгішесін екі рет басыңыз.
-
-
Орнатқыш файлын екі рет басыңыз.
- Орнатқыш іске қосылады.
-
-
-
-
Бағдарламалық жасақтаманы орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бағдарламалық жасақтаманың нұсқаулығын жүктеп алу
Бағдарламалық жасақтаманың нұсқаулықтарын (PDF файлдары) Canon веб-торабынан компьютерге, т.б. жүктеп алуға болады.
-
Бағдарламалық жасақтама нұсқаулығын жүктеп алу сайты