Эко режимі

Түсіру режимінде батарея қуатын үнемдеуіңізге мүмкіндік береді. Камера қолданыста емес кезде, экран батареяны тұтынуды азайту үшін күңгірттеледі.

  1. [Орнату: Eco mode/Орнату: Эко режимі] параметрін таңдаңыз.

  2. [On/Қосу] параметрін таңдаңыз.

    • Камера шамамен екі секунд пайдаланылмаған кезде экран күңгірттеледі. Күңгірттелгеннен кейін шамамен он секундта экран өшеді.
    • Экранды белсендіру және экран өшірулі кезде түсіруге дайындалу үшін ысырма түймесін жартылай басыңыз.