Жалпы фильм жазу сақтық шаралары

Ескерту

  • Фильм жазу бойынша сақтық шаралары

  • Камераны шуақты ауа райындағы жасанды жарық көзі сияқты қатты жарық көздеріне бағыттамаңыз. Ол сурет сенсорын немесе камераның ішкі құрамдастарын зақымдауы мүмкін.
  • Майда мәліметтері бар бірнәрсені жазсаңыз, шу немесе қате түстер туындауы мүмкін.
  • [Авто ақ түс балансы] немесе [Авто: Ақ түс басымдығы] параметрі орнатылса және ISO көрсеткiшi немесе апертура мәні фильм жазу кезінде өзгертілсе, ақ түс балансы да өзгереді.
  • Фильмді флюоресцентті жарық немесе ЖШД жарығы астында жазсаңыз, фильм суреті жыпылықтауы мүмкін.
  • AF операциясын төмен жарықта фильм жазу кезінде USM объективімен орындасаңыз, көлденең тарсылдаған шу фильмде жазылуы мүмкін. Бірдей шу түрі электрондық фокустау сақинасымен жабдықталған белгілі бір объективтермен қолмен фокустауды орындаған жағдайда орын алуы мүмкін.
  • Фильм жазу кезінде масштабтау орындайтын болсаңыз, бірнеше сынақ фильмдерін жазу ұсынылады. Фильм жазу кезінде масштабтау экспозиция өзгерістерін немесе объектив дыбыстарының жазылуын, тегіс емес дыбыс деңгейін, нақты емес объектив аберрациясын түзетуді немесе фокустың жоғалуын тудыруы мүмкін.
  • Үлкен апертура мәндері нақты фокустауды кідіртуі немесе болдырмауы мүмкін.
  • Фильм жазу кезінде AF әрекетін орындау мәселелердің келесі түрлерін тудыруы мүмкін: фокустың қатты уақытша жоғалуы, фильм ашықтығындағы өзгерістерді жазу, фильм жазудың уақытша тоқтауы немесе объективтің механикалық дыбыстарын жазу.
  • Кірістірілген микрофондарды саусақтарыңызбен немесе басқа заттармен жаппаңыз.
  • Фильм жазу кезінде HDMI кабелін қосу немесе ажырату жазуды аяқтайды.
  • Қажет болса, Жалпы фотосурет түсіру сақтық шаралары бөлімін де қараңыз.
  • Камера Wi-Fi арқылы қосылған кезде фильм жазуда қызуы мүмкін. Қолмен ұстап жазудан аулақ болу үшін мосыны пайдаланыңыз немесе басқа шараларды орындаңыз.
  • Қызыл [Қатты қызуға жол бермеу] дисплей

  • Қызыл [Қатты қызуға жол бермеу] белгіше қайталанған фильм жазу немесе Live View арқылы көрсетуді ұзақ пайдалану камераның ішкі температурасын көтерген жағдайда көрсетілуі мүмкін. Қызыл [Қатты қызуға жол бермеу] белгіше көрсетілген кезде камераны өшіріңіз немесе басқа шараларды орындаңыз және камера салқындағанша күтіңіз.
  • Жазуды қызыл [Қатты қызуға жол бермеу] белгішесі көрсетіліп тұрғанда жалғастырсаңыз, камера автоматты түрде өшеді. Live View дисплейін пайдалануды қызыл [Қатты қызуға жол бермеу] белгішесі көрсетіліп тұрған кезде жалғастырсаңыз, камера автоматты түрде өшуі де мүмкін.
  • [Түсіру: Auto pwr off temp./Түсіру: Қуатты автоматты өшіру темп.] параметрі [Standard/Стандартты] мәніне орнатылған кезде, қызыл [Қатты қызуға жол бермеу] дисплей қолданылады.
  • Ақ [Ақ түсті қатты қызуға жол бермеу] дисплей

  • Ақ [Ақ түсті қатты қызуға жол бермеу] белгіше ыстық орталарда немесе фильм жазу немесе суреттерді экранда ұзақ уақыт бойы көрсету сияқты факторлар камераның ішкі температурасын көтерген кезде көрсетілуі мүмкін. Бұл жағдай жалғасса, қызыл [Температура туралы ескерту қызыл] белгішесі көрсетіледі. Ақ [Ақ түсті қатты қызуға жол бермеу] белгішеден кейін қызыл [Температура туралы ескерту қызыл] белгішесі пайда болатын кезге дейінгі уақыт түсіру жағдайларына байланысты өзгеруі мүмкін.
  • [Түсіру: Auto pwr off temp./Түсіру: Қуатты автоматты өшіру темп.] параметрі [High/Жоғары] мәніне орнатылған кезде, ақ [Ақ түсті қатты қызуға жол бермеу] дисплей қолданылады.
  • Қызыл [Температура туралы ескерту қызыл] дисплей

  • Қызыл [Температура туралы ескерту қызыл] белгішесі фильм жазудың көп ұзамай автоматты түрде тоқтатылатынын білдіреді. Қызыл [Температура туралы ескерту қызыл] белгішесі көрсетілген кезде фильм жазу автоматты түрде тоқтайтын уақытқа дейінгі уақыттың түсіру жағдайларына байланысты өзгеретінін ескеріңіз.
  • Қызыл [Температура туралы ескерту қызыл] белгішесінің көрсетілуі фильм жазудың көз ұзамай автоматты түрде тоқтайтынын білдіреді, сондықтан камераны көшіріңіз немесе басқа шараларды орындап, оның салқындауын күтіңіз. Оған қоса, түсірмеген немесе жазбаған кезде әрқашан камераны өшіріңіз.
  • Фильм жазу автоматты түрде тоқтағаннан кейін, камера салқындамайынша фильмдер жазу немесе фотосуреттер түсіру мүмкін болмайды.
  • Жазу және сурет сапасы

  • Егер жалғанған объективтің Image Stabilizer (Сурет тұрақтандырғышы) функциясы бар болса және сіз Image Stabilizer (Сурет тұрақтандырғышы) қосқышын ON күйіне орнатсаңыз, ысырма түймесін жартылай баспасаңыз да Image Stabilizer (Сурет тұрақтандырғышы) әрқашан жұмыс істеп тұрады. Бұл батарея қуатын тұтынады және ол жалпы фильм жазу уақытын азайтуы мүмкін. Мосыны пайдалану сияқты Image Stabilizer (Сурет тұрақтандырғышы) қажет емес кезде Image Stabilizer (Сурет тұрақтандырғышы) қосқышын OFF күйіне орнату ұсынылады.
  • Автоэкспозициямен фильм жазу кезінде ашықтық өзгерсе, фильм бір сәтке тоқтауы мүмкін. Бұл жағдайларда фильмді қол экспозициясымен жазыңыз.
  • Егер суретте өте ашық жарық көзі бар болса, экранда ашық аймақ қара болып шығуы мүмкін. Фильмдер дәл экранда пайда болғандай жазылады.
  • Жоғары ISO көрсеткiштерінде, жоғары температураларда, жай ысырма жылдамдықтарында немесе көмескі жарықта түсіру кезінде сурет шуы немесе дұрыс емес түстер орын алуы мүмкін. Уақыт үзілісі бар фильм жазудағыдан басқа немесе Canon Log Қарау көмекшісімен түсірген кездегіден басқа уақытта фильмдер дәл экранда пайда болғандай жазылады.
  • Жазылған фильмдердің бейне және дыбыс сапасы басқа құрылғыларда нашар болуы мүмкін және құрылғылар MP4 пішімдерін қолдайтын болса да, ойнату мүмкін болмауы мүмкін.
  • Жазу жылдамдығы баяу картаны пайдалансаңыз, фильм жазу кезінде экранның оң жағында көрсеткіш пайда болуы мүмкін. Көрсеткіш картаға жазылған деректер мөлшерін көрсетеді (ішкі буфер жадының қалған сыйымдылығы) және ол карта жай болған сайын жылдамырақ көбейеді. Егер көрсеткіш (1) толса, фильм жазу автоматты түрде тоқтайды.

  • Егер картаның жазу жылдамдығы жылдам болса, көрсеткіш пайда болмайды немесе деңгей (көрсетілген болса) жоғарыға қатты жоғарыламайды. Картаның жеткілікті жылдамдықта жазуын тексеру үшін алдымен бірнеше сынақ фильмдерін жазыңыз.
  • Егер индикатор картаның толы екенін көрсетіп, фильм жазу автоматты түрде тоқтаса, бейненің соңындағы дыбыс дұрыс жазылмауы мүмкін.
  • Картаның жазу жылдамдығы жай болса (фрагменттеуге байланысты) және көрсеткіш пайда болса, картаны пішімдеу жазу жылдамдығын тездетуі мүмкін.
  • Дыбыс шектеулері

  • [Түсіру: Movie rec quality/Түсіру: Фильм жазу сапасы] параметрі Full HD29,97 кадр/сек.IPB (Жеңіл)(NTSC) немесе Full HD25,00 кадр/сек.IPB (Жеңіл)(PAL) параметріне орнатылғанда немесе [Теңшелетін функциялар: Audio compression/Теңшелетін функциялар: Дыбысты қысу] параметрі [Enable/Қосу] параметріне орнатылғанда келесі шектеулердің [Интеллектуалды авто көрініс (фильмдер)] режимінде қолданылатынын ескеріңіз.

    • Дыбыс шамамен соңғы екі кадрда жазылмайды.
    • Фильмдерді Windows жүйесінде ойнатқанда, фильм суреттері мен дыбыс аздап синхрондалмауы мүмкін.

Ескертпе

  • Фильм жазу бойынша ескертпелер

  • Фильм жазған сайын жаңа фильм файлы картада жасалады.
  • Көрініс өрісі (қамтылу) шамамен 100%.
  • AF start (AF бастау) түймесін басу арқылы да фокустауыңызға болады.
  • Фильм жазуды бастауды/тоқтатуды ысырма түймесін толық басу арқылы қосу үшін [Түсіру: Shutter btn function for movies/Түсіру: Фильмдер үшін ысырма түймесінің функциясы] үшін [Fully-press/Толық басу] параметрін [Start/stop mov rec/Фильм жазуды бастау/тоқтату] параметріне орнатыңыз ().
  • Стерео дыбыс камераның кірістірілген микрофондары арқылы жазылады ().
  • Камераның сыртқы микрофонның КІРҮ ұясына қосылған DM-E1 бағыттық стерео микрофоны (бөлек сатылады) сияқты кез келген сыртқы микрофондар кірістірілген микрофондардың орнына пайдаланылады ().
  • 3,5 мм мини ұямен жабдықталған көптеген сыртқы микрофондарды пайдалануға болады.
  • Фильм жазу кезінде фокусты алдын ала орнату 2011 жылы және оның екінші жартысынан кейін шығарылған, осы функциямен жабдықталған (супер) телефото объективтерін пайдалану кезінде қолжетімді.
  • YCbCr 4:2:0 (8-bit) түс үлгілеуі мен BT.709 түстік кеңістігі 8K (RAW файлынан басқа), 4K және Full HD фильмдері үшін пайдаланылады.