Батареяларды салу/шығарып алу

Толық зарядталған LP-E6NH батарея жинағын (немесе LP-E6N/LP-E6) камераға салыңыз.

Салу

  1. Батарея бөлімі қақпағының құлпын сырғытыңыз және қақпақты ашыңыз.

  2. Батареяны салыңыз.

    • Электрлік түйіспелері бар жағымен салыңыз.
    • Батареяны өз орнында құлыпталғанша енгізіңіз.
  3. Қақпақты жабыңыз.

    • Қақпақты сарт етіп жабылғанша басыңыз.

Ескерту

  • LP-E6NH/LP-E6N/LP-E6 батарея жинағынан басқа батареяларды пайдалана алмайсыз.

Шығарып алу

  1. Қақпақты ашыңыз және батареяны алыңыз.

    • Көрсеткімен көрсетілгендей батареяның құлыптау тетігін басып, батареяны алыңыз.
    • Қысқа тұйықталуларды болдырмау үшін батареяға берілген қорғаныс қақпағының () тіркелгенін әрқашан тексеріңіз.