Қауіпсіздік нұсқаулары

Өнімді қауіпсіз пайдалану үшін осы нұсқауларды оқығаныңызға көз жеткізіңіз.

Өнімді пайдаланушы жарақат алмауы немесе басқаларға зиян келмеуі үшін мына нұсқауларды орындаңыз.

АбайлаңызАБАЙЛАҢЫЗ:
Ауыр жарақат алу немесе өлу қаупі бар екенін білдіреді.
  • Өнімді жас балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

    Адамның мойнына тағылған баудан адам тұншығып қалуы мүмкін.

    Камераның бөлшектері немесе берілген элементтері немесе қосалқы құралдар жұтып қойылса, қауіпті болады. Егер жұтып қойылса, дереу дәрігерге қаралыңыз.

    Батарея жұтып қойылса, қауіпті болады. Егер жұтып қойылса, дереу дәрігерге қаралыңыз.

  • ӨНІМДЕ ТҮЙМЕ/ТИЫН ТӘРІЗДІ ЛИТИЙ БАТАРЕЯ БАР

    Түйме/тиын тәрізді батареялар денсаулыққа қауіпті және олар жаңа немесе пайдаланылған болсын, балалардың қолы жетпейтін жерде сақталуы тиіс.

    Жұтып қойған немесе дененің кез келген бөлігіне салынған жағдайда бұл батареялар 2 сағат ішінде ауыр немесе өлімге әкелетін жарақаттарға алып келуі мүмкін.

    Түйме/тиын тәрізді батареяны жұтып қойған немесе дененің кез келген бөлігіне салынған деп күдіктенсеңіз, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

  • Өнімге тек осы нұсқаулықта көрсетілген қуат көзін пайдаланыңыз.
  • Өнімді бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз.
  • Өнімнің қатты шайқалуына немесе дірілдеуіне жол бермеңіз.
  • Кез келген ішкі бөліктерді қолмен ұстамаңыз.
  • Түтін немесе әдеттен тыс иіс шығуы сияқты, кез келген жағдайда өнімді пайдалануды тоқтатыңыз.
  • Өнімді спирт, бензин немесе бояу еріткіші сияқты органикалық еріткіштермен тазалауға болмайды.
  • Өнімді суға салмаңыз. Өнімнің ішіне бөгде заттарды салмаңыз немесе сұйықтықтарды құймаңыз.
  • Өнімді тұтанатын газдар болуы мүмкін жерде пайдаланбаңыз.

    Бұл электр тогының соғуына, жарылуға немесе өртке себеп болуы мүмкін.

  • Объективті немесе объективі тағылған камераны/бейнекамераны объектив қақпағы тағылмаған күйде қалдырмаңыз.

    Объектив жарықты шоғырландырып, өртке себеп болуы мүмкін.

  • Найзағай барысында розеткаға қосылған өнімді ұстамаңыз.

    Электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.

  • Коммерциялық қолжетімді батареяларды немесе берілген батарея жинақтарын пайдаланған кезде төмендегі нұсқауларды орындаңыз.

    • Батареяларды/батарея жинақтарын өз өнімдерімен бірге пайдаланыңыз.
    • Батареяларды/батарея жинақтарын қыздырмаңыз немесе отқа салмаңыз.
    • Батареяларды/батарея жинақтарын өкілетті емес батарея зарядтау құрылғыларымен зарядтамаңыз.
    • Олардың түйіспелерін кірлетпеңіз немесе металл түйреуіштермен не басқа металл заттармен түйістірмеңіз.
    • Аққан батареяларды/батарея жинақтарын пайдаланбаңыз.
    • Батареяларды/батарея жинақтарын тастаған кезде, түйіспелерін таспамен немесе басқа нәрсемен оқшаулаңыз.

    Бұл электр тогының соғуына, жарылуға немесе өртке себеп болуы мүмкін.

    Егер батарея/батарея жинағы ақса және аққан зат теріңізге не киіміңізге тисе, ағып тұрған сумен жақсылап жуып тастаңыз. Көзге тиген жағдайда, ағын судың үлкен мөлшерімен мұқият шайыңыз және бірден дәрігерге қаралыңыз.

  • Зарядтау құрылғысын немесе айнымалы ток адаптерін пайдаланған кезде, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.

    • Қуат ашасына және розеткаға жиналған шаңды құрғақ шүберекпен мезгіл-мезгіл тазалау керек.
    • Өнімді дымқыл қолмен қоспаңыз немесе ажыратпаңыз.
    • Егер қуат ашасы розеткаға толық кірмесе, өнімді пайдаланбаңыз.
    • Қуат ашасын және түйіспелерін кірлетпеңіз немесе металл түйреуіштермен не басқа металл заттармен түйістірмеңіз.
    • Найзағай барысында қуат розеткасына қосылған зарядтау құрылғысын немесе айнымалы ток адаптерін ұстамаңыз.
  • Қуат сымына ауыр заттар қоймаңыз. Қуат сымын зақымдамаңыз, сындырмаңыз немесе өзгертпеңіз.
  • Өнімді пайдалану барысында немесе пайдаланғаннан кейін шүберекке немесе басқа материалдарға орамаңыз.
  • Өнімді қуат сымынан ұстап суырмаңыз.
  • Өнімді қуат көзіне ұзақ уақыт бойы қосулы күйінде қалдырмаңыз.
  • Батареяларды/батарея жинақтарын 5 - 40 °C ауқымынан тыс температураларда зарядтамаңыз.

    Бұл электр тогының соғуына, жарылуға немесе өртке себеп болуы мүмкін.

  • Өнімді пайдалану барысында теріңіздің бірдей аймағына ұзақ уақыт бойы тиіп тұруына жол бермеңіз.

    Өнім ыстық болмаса да, төмен температуралы күйікке, оның ішінде терінің қызаруына және күлдіреуге себеп болуы мүмкін. Өнімді ыстық орындарда пайдалану кезінде және қанайналымы нашар немесе тері сезімталдығы төмен адамдар үшін мосыны немесе ұқсас құралды пайдалану ұсынылады.

  • Өнімді пайдалануға тыйым салынған жерлерде өшіру үшін кез келген белгілерді орындаңыз.

    Бұлай істемеу басқа жабдықтың электр магниттік толқындардың әсеріне байланысты жұмыс істемей қалуына, тіпті апатқа себеп болуы мүмкін.

  • Батареяларды үй жануарларының жанында қалдырмаңыз.

    Батареяны үй жануарының тістеуі ағуға, қатты қызуға немесе жарылысқа себеп болып, өнімнің зақымдалуын немесе өртті тудыруы мүмкін.

ЕскертуЕСКЕРТУ:
Төмендегі ескертулерді орындаңыз. Болмаса, адам жарақаттануы немесе мүлік зақымдалуы мүмкін.
  • Жарқылды көздеріңізге жақын жерде жақпаңыз.

    Көздеріңізді зақымдауы мүмкін.

  • Экранға немесе көрініс іздегішке ұзақ бойы қарамаңыз.

    Бұл тербелуге ұқсас белгілер тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайда, өнімді пайдалануды дереу тоқтатыңыз және қайта пайдаланудан бұрын демалыңыз.

  • Жарқыл жоғары температура шығарады. Саусақтарыңызды, денеңіздің кез келген бөлігін және заттарды суреттер түсірген кезде жарқылдан қашық ұстаңыз.

    Бұл күйіп қалуға немесе жарқылдың дұрыс істемеуіне себеп болады.

  • Өнімді температурасы өте жоғары немесе төмен жерлерде қалдырмаңыз.

    Өнім шамадан тыс ыстық/суық болуы және ұстаған кезде күйіп қалуға немесе жарақат алуға себеп болуы мүмкін.

  • Бау тек денеде пайдалануға арналған. Ілмекке немесе басқа затқа тағылған кез келген өніммен бірге ілу өнімді зақымдауы мүмкін. Оған қоса, өнімді шайқамаңыз немесе өнімге күшті соққы әсерін болдырмаңыз.
  • Объективке қатты күш салмаңыз немесе басқа заттың соғуына жол бермеңіз.

    Бұл жарақатқа немесе өнімнің зақымдалуына себеп болады.

  • Өнімді тек жеткілікті тұрақты мосыға орнатыңыз.
  • Өнім мосыға орнатылып тұрған кезде оны алып жүрмеңіз.

    Бұл жарақатқа немесе апатқа себеп болуы мүмкін.

  • Өнімнің ішіндегі кез келген бөлшектерді ұстамаңыз.

    Бұл жарақат алуға себеп болуы мүмкін.

  • Осы өнімді пайдалану кезінде немесе одан кейін қандай да бір қалыптан тыс тері реакциясы немесе тітіркенуі орын алса, әрі қарай пайдалануды тоқтатыңыз және дәрігерге қаралыңыз.
  • Ұзақ уақыт бойы фильм жазудан немесе қайталап үздіксіз түсіруден кейін экранның артқы бетін (A) ұстамаңыз, ол ыстық болуы мүмкін. [Түсіру: Auto pwr off temp./Түсіру: Қуатты автоматты өшіру темп.] функциясы [High/Жоғары] мәніне орнатылған кезде, оны ұстаудан сақ болыңыз, себебі ол одан да ыстық болуы мүмкін. Бұл күйікке себеп болуы мүмкін.

  • CFexpress карталарын түсіруден кейін бірден ұстамаңыз.

    Карталар ыстық болып, күйдіруі мүмкін. Карталар [Түсіру: Auto pwr off temp./Түсіру: Қуатты автоматты өшіру темп.] параметрі [High/Жоғары] мәніне орнатылған кезде ыстығырақ болуы мүмкін. Картаны шығармастан бұрын ол салқындағанша күтіңіз.