Гистограмма

Ашықтық гистограммасы экспозиция деңгейінің таратылуын және жалпы ашықтықты көрсетеді. RGB гистограммасы түс қанықтығы мен градациясын тексеруге арналған.

  1. [Ойнату: Histogram disp/Ойнату:Гистограмма дисп.] параметрін таңдаңыз.

  2. Элементті таңдаңыз.

  • [Brightness/Ашықтық] дисплейі

    Гистограмма — суреттің ашықтық деңгейінің таратылуын көрсететін график. Көлденең ось ашықтық деңгейін (сол жағында күңгірттеу және оң жағында ашығырақ) анықтайды, ал тік ось әр ашықтық деңгейінде қанша пиксель бар екенін анықтайды. Сол жағына қарай пиксельдер саны көп болған сайын сурет күңгірттеу болады. Оң жағына қарай пиксельдер саны көп болған сайын сурет ашығырақ болады. Сол жағында тым көп пиксель болса, көлеңке бөліктері жоғалады. Оң жағында тым көп пиксель болса, жарық дағы бөліктері жоғалады. Градация аралығы жаңғыртылады. Сурет мен оның ашықтық гистограммасын тексеру арқылы экспозиция деңгейінің еңісі мен жалпы градацияны көруге болады.

    Үлгі гистограммалар

    Күңгірт сурет

    Қалыпты ашықтық

    Ашық сурет

  • [RGB] дисплейі

    Гистограмма - суреттегі әр негізгі түстің ашықтық деңгейінің таратылымын көрсететін график (RGB немесе қызыл, жасыл және көк). Көлденең ось түстің ашықтық деңгейін (сол жағында күңгірттеу және оң жағында ашығырақ) анықтайды, ал тік ось әр түстің ашықтық деңгейінде қанша пиксель бар екенін анықтайды. Сол жағына қарай пиксельдер саны көп болған сайын, түс күңгірттеу болып, айқындығы азаяды. Оң жағына қарай пиксельдер саны көп болған сайын түс ашығырақ және қоюырақ болады. Сол жағында тым көп пиксель болса, сәйкес түс ақпараты жетіспейді. Оң жағында тым көп пиксель болса, түс градациясыз тым қанық болады. Суреттің RGB гистограммасын тексеру арқылы, түстің қанықтық және градация жағдайын, ақ түс балансы еңісін көруге болады.