Фотосуреттер кітапшасын орнату
- Суреттерді жекелеп көрсету
- Сурет ауқымын фотосуреттер кітапшасы үшін көрсету
- Қалтадағы не картадағы барлық суреттерді көрсету
Фотосуреттер кітапшасында басып шығару үшін 998 суретке дейін көрсетуіңізге болады. Суреттерді компьютерге импорттау үшін EOS Utility (EOS бағдарламалық жасақтамасы) пайдаланған кезде, фотосуреттер кітапшасы үшін көрсетілген суреттер арнайы қалтаға көшіріледі. Бұл функция фотосуреттер кітапшасына онлайн режимде тапсырыс беру үшін ыңғайлы.
Суреттерді жекелеп көрсету
-
[: Photobook Set-up/:Фотосуреттер кітапшасын орнату] параметрін таңдаңыз.
-
[Select images/Суреттерді таңдау] параметрін таңдаңыз.
-
Көрсетілетін суретті таңдаңыз.
- Фотокутапша үшін көрсетілетін суретті таңдау үшін пернелерін пайдаланыңыз, содан кейін түймесін басыңыз.
- Фотосуреттер кітапшасы үшін көрсетілетін басқа суреттерді таңдау үшін 3-қадамды қайталаңыз.
Сурет ауқымын фотосуреттер кітапшасы үшін көрсету
Индекс дисплейіне қарап тұрғанда фотосурет кітапшасы үшін бірден көрсетілетін суреттердің ауқымын (бастау нүктесінен аяқтау нүктесіне дейін) көрсетуіңізге болады.
-
[Multiple/Бірнеше] параметрін таңдаңыз.
- [: Photobook Set-up/:Фотосуреттер кітапшасын орнату] астында [Multiple/Бірнеше] параметрін таңдаңыз.
-
[Select range/Ауқымды таңдау] параметрін таңдаңыз.
-
Суреттер ауқымын көрсетіңіз.
- Бірінші суретті (бастау нүктесі) таңдаңыз.
- Одан кейін, соңғы суретті (аяқтау нүктесі) таңдаңыз. [] құсбелгісі бірінші және соңғы суреттер арасындағы ауқым ішіндегі барлық суреттерге қойылады.
Қалтадағы не картадағы барлық суреттерді көрсету
Қалтадағы немесе картадағы барлық суреттерді фотосуреттер кітапшасы үшін бір уақытта көрсетуге болады.
- [: Photobook Set-up/:Фотосуреттер кітапшасын орнату] астында фотосуреттер кітапшасы үшін қалтадағы немесе картадағы барлық суреттерді көрсету үшін [Multiple/Бірнеше] параметрін [All images in folder/Қалтадағы барлық суреттер] немесе [All images on card/Картадағы барлық суреттер] мәніне орната аласыз.
- Таңдауды болдырмау үшін [Clear all in folder/Қалтадағы барлығын жою] немесе [Clear all on card/Картадағы барлығын жою] параметрін таңдаңыз.
-
Іздеу шарттары [: Set image search conditions/:Суретті іздеу шарттарын орнату] параметрімен () орнатылса және [Multiple/Бірнеше] параметрін таңдасаңыз, дисплей [All found images/Барлық табылған суреттер] және [Clear all found images/Барлық табылған суреттерді тазалау] параметріне өзгереді.
- [All found images/Барлық табылған суреттер] параметрін таңдасаңыз, барлық табылған суреттер фотосуреттер кітапшасы үшін көрсетіледі.
- [Clear all found images/Барлық табылған суреттерді тазалау] параметрін таңдасаңыз, сүзгіленген суреттердің барлық фотосуреттер кітапшасындағы реті тазаланады.
Ескерту
- RAW суреттері мен фильмдері фотосуреттер кітапшасы үшін көрсетілмейді. RAW суреттері немесе фильмдері барлық суреттерді [Multiple/Бірнеше] параметрімен көрсетсеңіз де, фотосуреттер кітапшасы үшін көрсетілмейді.
- Фотосурет кітапшасының параметрлері басқа камерада орнатылған суреттер үшін фотосурет кітапшасының параметрлерін теңшеу үшін бұл камераны пайдаланбаңыз. Барлық фотосурет кітапшасының параметрлері байқамай үстіне жазылуы мүмкін.