Суреттерді қорғау
- Жалғыз суретті қорғау
- Қорғалатын суреттер ауқымын көрсету
- Қалта немесе картадағы барлық суреттерді қорғау
Маңызды суреттерді байқамай өшіруден қорғауыңызға болады.
Жалғыз суретті қорғау
-
[: Protect images/:Суреттерді қорғау] параметрін таңдаңыз.
-
[Select images/Суреттерді таңдау] параметрін таңдаңыз.
-
Суретті таңдаңыз.
- Қорғалатын суретті таңдау үшін пернелерін пайдаланыңыз.
-
Суретті қорғаңыз.
- Таңдалған суретті қорғау үшін түймесін басыңыз, одан кейін ол экранның жоғарғы жағында белгішесімен (1) белгіленеді.
- Қорғауды болдырмау және белгішесін тазалау үшін түймесін қайтадан басыңыз.
- Басқа суретті қорғау үшін 3 және 4-қадамдарды қайталаңыз.
Қорғалатын суреттер ауқымын көрсету
Индекс дисплейінде суреттерге қарап отырып барлық көрсетілген суреттерді бірден қорғау үшін ауқымға бірінші және соңғы суреттерді көрсете аласыз.
-
[Select range/Ауқымды таңдау] параметрін таңдаңыз.
- [Select range/Ауқымды таңдау] параметрін [: Protect images/:Суреттерді қорғау] терезесінде таңдаңыз.
-
Суреттер ауқымын көрсетіңіз.
- Бірінші суретті (бастау нүктесі) таңдаңыз.
- Одан кейін, соңғы суретті (аяқтау нүктесі) таңдаңыз. Көрсетілген ауқымдағы суреттер қорғалады және белгішесі пайда болады.
- Қорғалатын басқа суретті таңдау үшін 2-қадамды қайталаңыз.
Қалта немесе картадағы барлық суреттерді қорғау
Қалта немесе картадағы барлық суреттерді бір уақытта қорғауға болады.
- [All images in folder/Қалтадағы барлық суреттер] немесе [All images on card/Картадағы барлық суреттер] параметрін [: Protect images/:Суреттерді қорғау] терезесінде таңдаған кезіңізде, қалтадағы немесе картадағы барлық суреттер қорғалады.
- Таңдауды болдырмау үшін, [Unprotect all images in folder/Қалтадағы барлық суреттердің қорғанысын алу] немесе [Unprotect all images on card/Картадағы барлық суреттердің қорғанысын алу] параметрін таңдаңыз.
-
Іздеу шарттары [: Set image search conditions/:Суретті іздеу шарттарын орнату] параметрімен () орнатылса, дисплей [All found images/Барлық табылған суреттер] параметріне және [Unprotect all found/Барлық табылғандарды қорғамау] параметріне ауысады.
- [All found images/Барлық табылған суреттер] параметрін таңдасаңыз, іздеу шарттарымен сүзілген барлық суреттер қорғалады.
- [Unprotect all found/Барлық табылғанды қорғамау] параметрін таңдасаңыз, барлық сүзгіленген суреттердің қорғанысы болдырылмайды.