AF көмекші сәулесін шығару

Кірістірілген жарқылдың AF көмекші сәулесін немесе көріністапқышпен түсіруде Speedlite құралын пайдалануды көрсетуіңізге болады.

  1. [Түсіру: AF-assist beam firing/Түсіру:AF көмекші сәулесін шығару] параметрін таңдаңыз.

  2. Параметрді таңдаңыз.

  • [ON] Enable (Қосу)

    Қажет кезде AF көмекші сәулесің жануын қосады.

    Кірістірілген жарқылды AF көмекші сәулесін шығару үшін пайдаланатын болсаңыз, оны көтеріңіз.

  • [OFF] Disable (Өшіру)

    AF көмекші сәулесін шығаруды ажыратады. AF көмекші сәулесін шығармауды қалаған жағдайда орнатыңыз.

  • [] Тек сыртқы жарқылды қосу

    AF көмекші сәулесін қажет кезде шығаруды тек сыртқы Speedlite құралдары пайдаланылған кезде қосады.

  • [IR] IR AF assist beam only (Тек IR AF көмекші сәулесі)

    Осы мүмкіндікпен жабдықталған сыртқы Speedlite құралдары арқылы инфрақызыл AF көмекші сәулесін шығаруды осы жарқыл құралдары тіркелген кезде қосады.

Ескерту

  • Сыртқы Speedlite құралының [AF-assist beam firing/AF көмекші сәулесін шығару] теңшелетін функциясы [1:Disabled/1:Өшірілген] мәніне орнатылса, AF көмекші сәулесі шығарылмайды.

Ескертпе

  • ЖШД шамымен жабдықталған тіркелген EX сериялы Speedlite құралының AF көмекші сәулесі Live View арқылы түсіруде Speedlite құралының ЖШД шамынан [Enable/Қосу] немесе [Enable external flash only/Тек сыртқы жарқылды қосу] параметрін көрсеткен кезіңізде қажетінше жанады.