ISO көрсеткішінің параметрлері (Фотосуреттер)

Қоршаған орта жарығының деңгейіне сай келу үшін ISO көрсеткiшiн (сурет сенсорының жарыққа сезімталдығы) орнатыңыз.

Негізгі аймақ режимдерінде ISO көрсеткіші автоматты түрде орнатылады.

Фильм жазудағы ISO көрсеткіші туралы мәліметтерді Фильм жазудағы ISO көрсеткіші бөлімінен қараңыз.

  1. ISO түймесін (Таймер 06 сек.) басыңыз.

  2. ISO көрсеткішін орнатыңыз.

    • ISO көрсеткішін Солға пернесі Оңға пернесі пернелерімен немесе Негізгі диск дискісімен көріністапқышқа немесе экранға қарап тұрып таңдаңыз, одан кейін SET түймесін басыңыз.
    • ISO көрсеткішін ISO 100–25600 аралығында орнатуға болады.
    • [AUTO/АВТО] таңдалған кезде ISO көрсеткiшi автоматты түрде орнатылады ().
    • [AUTO/АВТО] параметрін [ISO speed/ISO көрсеткiшi] параметрін [Түсіру: ФотосуреттерISO speed settings/Түсіру:ФотосуреттерISO көрсеткішінің параметрлері] терезесінде (жоғарыда көрсетілген) орнату кезінде көрсету үшін INFO түймесін басуыңызға болады.

ISO көрсеткiшiнің нұсқауы

  • Төмен ISO көрсеткіштері шуды азайтады, бірақ кейбір түсіру жағдайларында камераның/нысанның шайқалу қатерін арттыруы немесе фокустағы аймақты азайтуы (таяздау ашықтық тереңдігі) мүмкін.
  • Жоғары ISO көрсеткіштері көмескі жарықта түсіруге, үлкенірек аймақты фокустауға (тереңірек ашықтық тереңдігі) және ұзағырақ жарқыл ауқымына мүмкіндік береді, бірақ сурет шуын арттыруы мүмкін.

Ескертпе

  • [ISO speed/ISO көрсеткiшi] экранында [Түсіру: ФотосуреттерISO speed settings/Фотосуреттер:ФотосуреттерISO көрсеткішінің параметрлері] терезесінде де орнатуға болады.
  • [Орнату: Custom Functions(C.Fn)/Орнату:Теңшелетін функциялар (Т.Фн.)] астында [ISO expansion/ISO кеңейтімі] параметрі [1:Enable/1:Қосу] мәніне орнатылса, “H” мәнін (ISO 51200 мәніне тең) де таңдауға болады ().

Ескерту

  • [Түсіру: Highlight tone priority/Түсіру:Ашық реңк артықшылығы] параметрі [Enable/Қосу] немесе [Enhanced/Жақсартылған] мәніне орнатылса, ISO 100/125/160 және «H» (ISO 51200 мәніне тең) таңдалмайды ().
  • Жоғары температурада түсіру суреттердің қиыршықты болуына әкеліп соғуы мүмкін. Ұзақ экспозициялар да суретте дұрыс емес түстер тудыруы мүмкін.
  • Жоғары ISO көрсеткiштерінде түсірген кезде, шу (жарық нүктелері және сызықтар сияқты) байқалуы мүмкін.
  • Егер сіз жақын нысанды түсіру үшін жоғары ISO көрсеткiшiн және жарқылды пайдалансаңыз, жарықта көп ұсталу орын алуы мүмкін.
  • Жоғары ISO көрсеткіші, жоғары температура және ұзақ экспозиция сияқты шудың артық мөлшерін тудыратын жағдайларда түсіргенде, сурет дұрыс жазылмауы мүмкін.
  • «H» (ISO 51200 мәніне тең) кеңейтілген ISO көрсеткiшiнiң параметрі болғандықтан, шу (жарық нүктелері, біріктіру, т.б.) және дұрыс емес түстер көбірек байқалады және ажыратымдылық стандартты параметрмен салыстырғанда төмен болады.

[AUTO] ISO көрсеткіші

  • ISO көрсеткiшi [AUTO/АВТО] күйіне орнатылса, ысырма түймесін жартылай басқанда нақты ISO көрсеткiшiнің параметрі көріністапқышта немесе экранда көрсетіледі.
  • [AUTO/АВТО] орнатылған кезде ISO көрсеткiшi толық тоқтау қадамдарында анықталады. Дегенмен, ISO көрсеткiшi әдетте ұсақтау қадамдарда орнатылады. Сол себептен, суреттің түсіру ақпаратында () ISO көрсеткiшi ретінде көрсетілген ISO 125 немесе ISO 640 сияқты ISO көрсеткiшiн табуға болады.

Ең жоғарғы [AUTO] ISO көрсеткіші

ISO автоматты режимі үшін сіз максималды ISO жылдамдық шегін ISO 400 - -25600 арасында орната аласыз.

  1. [Түсіру: ФотосуреттерISO speed settings/Фотосуреттер:ФотосуреттерISO көрсеткішінің параметрлері] параметрін таңдаңыз.

  2. [Max for Auto/Авто үшін максималды] тармағын таңдаңыз.

    • [Max for Auto/Авто үшін максималды] тармағын таңдаңыз, одан кейін SET түймесін басыңыз.
  3. ISO көрсеткішін таңдаңыз.

    • ISO көрсеткiшiн таңдаңыз, одан кейін SET түймесін басыңыз.