Объектив аберрациясын түзету
- Перифериялық жарықтылығын түзету
- Бұрмалануды түзету
- Сандық объективті оңтайландырғыш
- Хроматикалық аберрацияны түзету
- Бұрмалануды түзету
Виньеттеу, сурет бұрмалануы мен басқа проблемаларды объективтің оптикалық сипаттамалары тудыруы мүмкін. Камера осы құбылысты [Lens aberration correction/Объектив аберрациясын түзету] параметрін пайдаланып толықтыра алады.
-
[: Lens aberration correction/:Объектив аберрациясын түзету] параметрін таңдаңыз.
-
Элементті таңдаңыз.
-
[Enable/Қосу] параметрін таңдаңыз.
- Тіркелген объективтің атауын растаңыз, сонда [Correction data available/Қолжетімді түзету деректері] көрсетіледі ([Diffraction correction/Дифракцияны түзету] параметрі орнатылған кезден басқа).
- [Correction data not available/Түзету деректері қолжетімді емес] немесе [] түймесі көрсетілсе, Сандық объективті оңтайландырғыш бөлімін қараңыз.
Перифериялық жарықтылығын түзету
Виньеттеуді (күңгірт сурет бұрыштар) түзетуге болады.
Ескерту
- Түсіру жағдайларына байланысты шу сурет перифериясында пайда болуы мүмкін.
- ISO көрсеткiшi жоғары болған сайын түзету шамасы төмен болады.
Ескертпе
- Қолданылатын түзету мөлшері Digital Photo Professional бағдарламасымен (EOS бағдарламалық жасақтамасы) қолданылған максималды түзету мөлшерінен төмен болады.
- Перифериялық жарықтылық түзету деректері камерада тіркелген кезде Негізгі аймақ режимдерінде автоматты түрде түзетіледі.
Бұрмалануды түзету
Бұрмалануды (суреттің бұрмалануы) түзетуге болады.
Ескерту
- Бұрмалануды түзету үшін камера түсіру кезінде көрінетін аймаққа қарағанда кішірек сурет аймағын түсіреді, ол суретті аздап қиып алады және көрінетін ажыратымдылықты аздап төмендетеді.
- Бұрмалануды түзетуді орнату көрініс бұрышын аздап өзгертуі мүмкін.
- Суреттерді үлкейткенде, бұрмалануды түзету көрсетілген суреттерге қолданылмайды.
- Бұрмалануды түзету фильм жазуда қолданылмайды.
- Бұрмалануды түзету параметрі қолданылған суреттерде Шаңды жою деректері () қосылмайды. Сондай-ақ, AF нүктесі түсіру уақытына қатысты позициядан тыс көрсетілуі мүмкін.
Ескертпе
- Бұрмалану түзету деректері камерада тіркеліп тұрғанда режимі режиміне орнатылған кезде автометты түрде түзетіледі.
Сандық объективті оңтайландырғыш
Объективтің оптикалық сипаттамаларынан түрлі аберрацияларды, сонымен қатар бұрмалану мен төменгі жиіліктер сүзгісінен туындаған ажыратымдылықтың жоғалуын түзетуге болады.
[Correction data not available/Түзету деректері қолжетімді емес] немесе [] белгішесін [Digital Lens Optimizer/Сандық объективті оңтайландырғыш] көрсеткен кезде, EOS Utility бағдарламалық жасақтамасын объектив түзету деректерін камераға қосу үшін пайдалануыңызға болады. Мәліметтерді EOS Utility нұсқаулығынан қараңыз.
Ескерту
- Түсіру жағдайларына байланысты түзету әсерлерімен бірге шу күшейуі мүмкін. Сурет шеттері де ерекшеленуі мүмкін. Түсірместен бұрын қажетінше Picture Style анықтығын реттеңіз немесе [Digital Lens Optimizer/Сандық объективті оңтайландырғыш] параметрін [Disable/Өшіру] мәніне орнатыңыз.
- ISO көрсеткiшi жоғары болған сайын түзету шамасы төмен болады.
- Фильм жазу үшін [Digital Lens Optimizer/Сандық объективті оңтайландырғыш] параметрі пайда болмайды. (Түзету мүмкін емес.)
Ескертпе
- [Digital Lens Optimizer/Сандық объективті оңтайландырғыш] параметрін қосу түсірген кезіңізде хроматикалық аберрация мен дифракцияның екеуін де бұл параметрлер көрсетілмесе де түзетеді.
- Digital Lens Optimizer (Сандық объективті оңтайландырғыш) түзету деректері камерада тіркелген кезде Негізгі аймақ режимдерінде автоматты түрде қолданылады.
Хроматикалық аберрацияны түзету
Хроматикалық аберрацияны (нысандар айналасындағы түстік көмкеру) түзетуге болады.
Ескертпе
- [Chromatic aberr corr/Хроматикалық аберр. түз] параметрі [Digital Lens Optimizer/Сандық объективті оңтайландырғыш] параметрі қосылған кезде көрсетілмейді.
Бұрмалануды түзету
Бұрмалануды (апертура арқылы туындаған анықтықтың жоғалуы) түзетуге болады.
Ескерту
- Түсіру жағдайларына байланысты түзету әсерлерімен бірге шу күшейуі мүмкін.
- ISO көрсеткiшi жоғары болған сайын түзету шамасы төмен болады.
- Фильм жазу үшін [Diffraction correction/Дифракцияны түзету] параметрі пайда болмайды. (Түзету мүмкін емес.)
Ескертпе
- «Дифракцияны түзету» дифракцияны, сонымен қатар төменгі жиіліктер сүзгісінен және басқа факторлардан төмендеген ажыратымдылықты түзетеді. Сондықтан, түзету ашық апертураға жақын апертурада да тиімді.
- [Diffraction correction/Дифракцияны түзету] параметрі [Digital Lens Optimizer/Сандық объективті оңтайландырғыш] параметрі [Enable/Қосу] мәніне орнатылған кезде көрсетілмейді.
Ескерту
-
Объектив аберрациясын түзету бойынша жалпы сақтық шаралары
- Әлдеқашан суретке түсірілген JPEG суреттері үшін перифериялық жарықтылығын түзетуді, хроматикалық аберрацияны түзетуді және дифракцияны түзетуді қолдануға болмайды.
- Canon шығармаған объективті пайдаланғанда, түзетулерді [Disable/Өшіру] күйіне орнату ұсынылады, тіпті, егер [Correction data available/Түзету деректері қол жетімді] көрсетілсе де.
- Суреттің сыртын үлкейту суреттің жазылмайтын бөліктерін көрсетуі мүмкін.
- Егер пайдаланылған объективте қашықтық туралы ақпарат болмаса, түзетпе шамасы төмен (дифракцияны түзетуден басқа) болады.
Ескертпе
-
Объектив аберрациясын түзету үшін жалпы ескертпелер
- Объектив аберрациясын түзету әсері пайдаланылған объективке және түсіру жағдайларына байланысты өзгереді. Сондай-ақ, пайдаланылған объективке, түсіру жағдайларына байланысты әсерді байқау қиын болуы мүмкін.
- Түзетуді қарау қиын болса, түсіруден кейін суретті үлкейту және тексеру ұсынылады.
- Түзетулер ұзартқыш немесе life-size converter тіркелген кезде де қолданылады.
- Егер тіркелген объективке арналған түзету деректері камераға тіркелмеген болса, нәтиже түзету [Disable/Өшіру] күйіне (дифракцияны түзетуден басқа) орнатылған кездегімен бірдей болады.
- Қажет болса, EOS Utility нұсқаулығын да қараңыз.