HDR артқы жарығын басқару режимі

Жарық және қараңғы тұстары бар көріністерді түсіру барысында [] (HDR Артқы жарығы бар көріністерді түсіру) режимін пайдаланыңыз. Осы режимде бір сурет түсірген кезде, әр түрлі экспозицияларда үш келесі түсірілім жүзеге асады. Нәтижесінде кең реңкі бар ауқымды, артқы жарық әсерінен пайда болатын жабылған көлеңке бәсеңдетілген бір сурет алынады.

HDR жоғары динамикалық ауқым дегенді білдіреді.

КеңестерТүсіру бойынша кеңестер

  • Камераны тұрақты ұстаңыз.

    Камераны тұрақты ұстау үшін шынтақтарыңызды денеңізге жақын ұстаңыз (). Бұл режимде үш түсірілім реттеліп, бір суретке біріктіріледі. Дегенмен, камера шайқалысына байланысты үш суреттің бірінде рет түзулігі болмаса, ақтық суретте олар тиісті ретте болмауы мүмкін.

Ескерту

  • Басқа түсіру режимдерімен салыстырғанда түсіру аймағы кішірек болады.
  • RAW сурет сапасын орнату мүмкін емес.
  • Жарқылмен фотосуретке түсіру мүмкін емес.
  • Суреттің тегіс градациямен көрсетілмеуі және дұрыс емес көрінуі не айтарлықтай шуға ие болуы мүмкін екендігін ескеріңіз.
  • HDR артқы жарықты басқару элементі шамадан тыс артқы жарығы бар көріністер мен жоғары контрастты көріністер үшін тиімді болмауы мүмкін.
  • Жетерліктей ашық нысандарды түсіру кезінде, мысалы, қалыпты түрде жарықтандырылған көріністер, сурет HDR әсеріне байланысты жасанды болып көрінуі мүмкін.
  • Егер қозғалыстағы нысанды түсірсеңіз, нысанның қозғалыстары үзік суреттерді қалдыруы немесе нысанның айналасы күңгірт болып шығуы мүмкін.
  • Суретті туралау функциясы қайталама үлгілер (тор, жолақтар, т.б.), жазық не бір реңкті суреттер немесе камераның шайқалуына байланысты айтарлықтай айнымалы түсірілімдер үшін дұрыс жұмыс жасамауы мүмкін.
  • Суреттерді түсірлеген соң біріктірілгеннен кейін картаға жазу үшін біраз уақыт кетеді. “buSY” және “BUSY” сөздері көріністапқышта және экранда тиісінше суреттер өңделіп жатқанда пайда болады және түсіру өңдеу аяқталмайынша мүмкін болмайды.