Объективтерді тіркеу/ажырату
Камераны барлық Canon EF және EF-S объективтерімен пайдалануға болады. Камераны RF немесе EF-M объективтерімен пайдалану мүмкін емес.
Объективті бекіту
-
Қақпақтарды алыңыз.
- Объективтің артқы қақпағын және корпус қақпағын көрсеткілер арқылы көрсетілгендей бұрап алыңыз.
-
Объективті бекітіңіз.
Ақ көрсеткіш
Қызыл көрсеткіш
-
Объективтегі ақ немесе қызыл бекіткіш көрсеткішін камерадағы сәйкес тіркеу көрсеткішімен туралаңыз және объективті орнына сырт етіп түскенше көрсетілгендей бұраңыз.
-
-
Объектив фокустау режимінің қосқышын күйіне орнатыңыз.
- автофокус дегенді білдіреді.
- қолмен фокустау дегенді білдіреді. Автофокустау басқарылмайды.
-
Объективтің алдыңғы қақпағын алыңыз.
Объективті ажырату
-
Объективті босату түймесін басқан кезде оны көрсеткі арқылы көрсетілгендей бұраңыз.
- Объективті тоқтағанша бұрап, ажыратыңыз.
- Объективтің артқы қақпағын ажыратылған объективке тіркеңіз.
Ескерту
- Қандай да бір объектив арқылы күн көзіне тікелей қарамаңыз. Ол көру қабілетінің жоғалуына себеп болуы мүмкін.
- Объективті бекіту не ажырату кезінде камераның қуат қосқышын күйіне орнатыңыз.
- Егер объективтің алдыңғы бөлігі (фокустау сақинасы) автоматты фокустау барысында айналса, айналып жатқан бөлікке тимеңіз.
Ескертпе
- Объективті пайдалану жолы туралы нұсқауларды объективтің нұсқаулығынан () қараңыз.
-
Көріністің түсіру бұрышы
Сурет аймағы 35 мм фильм пішімінен кішірек болғандықтан, көріністің тиімді бұрышы объективтің көрсетілген фокустық ұзындығынан шамамен 1,6 есе артыққа сәйкес келеді.
-
- (1) Сурет аймағы (шамамен) (22,3×14,8 мм.)
- (2) 35 мм фильм пішімі (36×24 мм.)
Дақтар мен шаңды болдырмау кеңестері
- Объективтерді ауыстыруды шаң аз жерде жылдам орындаңыз.
- Объектив бекітілмеген камераны сақтаған кезде оған корпус қақпағы тіркелгенін тексеріңіз.
- Корпус қақпағын жалғамастан бұрын оны шаңнан тазалаңыз.