Қуатты қосу
- Күнді, уақытты және уақыт белдеуін орнату
- Интерфейс тілін өзгерту
- Сенсорды авто тазалау
- Батарея деңгейінің көрсеткіші

-
-
Камера іске қосылады. Фотосуреттер түсіруге болады.
-
Камера өшіріледі және жұмыс істемейді. Камераны пайдаланбаған кезде қуат қосқышын осы күйге орнатыңыз.
Күнді, уақытты және уақыт белдеуін орнату
Камераны қоссаңыз және [Date/Time/Zone / Күн/уақыт/белдеу] мәндерін орнату экраны пайда болса, күнді, уақытты және белдеуді орнату үшін Date/Time/Zone (Күн/уақыт/белдеу) бөлімін қараңыз.
Интерфейс тілін өзгерту
Интерфейс тілін өзгерту үшін Language (Тіл) бөлімін қараңыз.
Сенсорды авто тазалау
- Қуат қосқышы
немесе
күйіне орнатылған кезде, сенсор автоматты түрде тазаланады (ол жай дыбыс шығаруы мүмкін). Сенсорды тазалау кезінде экран [
] белгішесін көрсетеді.
- Қуат қосқышын қысқа уақыт мерзімінде
немесе
күйіне қайталап бұрасаңыз, [
] белгішесі көрсетілмеуі мүмкін, бірақ бұл камераның бұзылғанын білдірмейді.
Ескертпе
- Сурет картаға жазылып жатқан кезінде қуат қосқышын
күйіне орнатсаңыз, [Saving.../Сақталуда...] көрсетіледі және қуат суретті жазу аяқталғаннан кейін өшеді.
Батарея деңгейінің көрсеткіші
Қуат қосқышы күйіне орнатылатын кезде, батарея деңгейі көрсетіледі.

Батарея деңгейі жеткілікті. | |
Батарея деңгейі төмен, бірақ камераны пайдалануға болады. | |
Батарея қуаты жақын арада таусылады (жыпылықтайды). | |
Батареяны зарядтаңыз. |
Ескерту
- Келесілердің кез келгенін орындау батарея зарядын тез тауысады:
- Ысырма түймесін ұзақ уақыт жартылай басып тұру.
- AF функциясын суретке түсірмей жиі белсендіру.
- Объективтің Image Stabilizer (Сурет тұрақтандырғышы) функциясын пайдалану.
- Wi-Fi функциясын немесе Bluetooth функциясын пайдалану.
- Экранды жиі пайдалану.
- Белгілі бір түсіру жағдайларында бірнеше түсірілімдер қолжетімді болуы мүмкін.
- Объектив жұмысы камера батареясынан қуатталады. Белгілі бір объективтер батарея зарядын басқаларға қарағанда тезірек тауысады.
- Сыртқы төмен температурада түсіру батарея деңгейі жеткілікті болса да мүмкін болмайды.