Басқа мәзір функциялары
[1]
-
Объектив аберрациясын түзету
Перифериялық жарықтылықты, хроматикалық аберрацияны және бұрмалануды фильмдер жазу кезінде түзетуге болады. Объектив аберрациясын түзету туралы мәліметтерді Объектив аберрациясын түзету бөлімінен қараңыз.
[2]
-
ISO көрсеткішінің параметрлері
-
ISO speed (ISO көрсеткiшi)
режимінде ISO көрсеткішін қолмен орнатуыңызға болады. Сондай-ақ, ISO авто параметрін таңдауға болады.
-
ISO speed range (ISO жылдамдығының ауқымы)
режимі үшін қолмен орнатылатын ISO көрсеткішінің ауқымын (минималды және максималды шектер) орната аласыз.
-
Max for Auto (Авто үшін максималды)
ISO авто үшін максималды шекті // режимінде фильм жазуда немесе режимінде ISO авто параметрімен орнатуыңызға болады.
-
-
Highlight tone priority (Ашық реңк артықшылығы)
Жеткіліксіз экспозицияланған, қысылған ерекше аймақтарды фильмдер жазу кезінде азайта аласыз. Ашық реңк артықшылығы туралы мәліметтерді Ашық реңк артықшылығы бөлімінен қараңыз.
[3]
-
Ысырманы автоматты түрде баяулату
Көмескі жарықта ысырма жылдамдығын автоматты түрде төмендету арқылы [Disable/Өшіру] параметріне орнатылған кездегіге қарағанда ашығырақ және сурет шуы аз әсер еткен фильмдерді жазуды таңдауыңызға болады.
немесе жазу режимінде қолжетімді. Фильм жазу өлшемінің кадр жиілігі немесе болған кезде қолданылады.
-
Disable (Өшіру)
[Enable/Қосу] параметріне орнатылған кездегіге қарағанда жатықтау, табиғи қозғалысты, нысан жайқалуы көп әсер етпеген фильмдерді жазуыңызға мүмкіндік береді. Көмескі жарықта фильмдердің [Enable/Қосу] параметріне орнатылғандағыға қарағанда қараңғылау болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
-
Enable (Қосу)
Ысырма жылдамдығын көмескі жарықта 1/30 сек. (NTSC) немесе 1/25 сек. (PAL) мәніне автоматты түрде азайту арқылы [Disable/Өшіру] мәніне орнатылған кездегіге қарағанда ашығырақ фильмдерді жазуыңызға мүмкіндік береді.
Ескертпе
- [Disable/Өшіру] параметріне орнату көмескі жарықта қозғалған нысандарды жазу кезінде немесе жолдар сияқты іздер орын алуы мүмкін кезде ұсынылады.
-
[4]
-
HDMI дисплейі
Фильмдер HDMI арқылы сыртқы құрылғыға жазылып жатқан кезде олардың көрсетілу жолын көрсетуіңізге болады. Фильм шығысының өзі [Movie rec. size/Фильм жазу өлшемі] параметріне байланысты 4K немесе Full HD болады.
Әдепкі параметр — [+].
-
+
- Фильмді камера экраны мен басқа құрылғының екеуінде де HDMI шығысы арқылы көрсетуге мүмкіндік береді.
- Суретті ойнату немесе мәзірді көрсету сияқты камера операциялары камерада емес, басқа құрылғыда HDMI арқылы көрсетіледі.
-
- HDMI арқылы шығару кезінде камера экранын ажыратады, сонда экран бос болады.
- Түсіру ақпараты, AF нүктелері және басқа ақпарат сыртқы құрылғыда HDMI арқылы көрсетіледі, бірақ осы ақпараттың шығуын түймесін басу арқылы тоқтата аласыз.
- Фильмдерді сырттан жазбастан бұрын, сыртқы мониторларда немесе басқа құрылғыларда ешқандай түсіру ақпаратының, AF нүктелерінің және т.с.с. Көрсетілмегенін тексеру арқылы камера арқылы ешқандай ақпараттың жіберілмей жатқанын растаңыз.
Ұзақ HDMI шығысы үшін
HDMI шығысын 30 минуттан ұзақ жалғастыру үшін [+] параметрін таңдаңыз, одан кейін [: Auto power off/:Автоматты қуат өшіру] параметрін [Disable/Өшіру] мәніне () орнатыңыз.
Ескерту
- Ақпаратсыз HDMI шығысы картаның бос орны, батарея деңгейі немесе жоғары ішкі температура туралы ескертулердің () HDMI арқылы көрсетілуіне жол бермейді.
- HDMI шығысы кезінде келесі суреттің көрсетілуі жазу сапалары немесе кадр жиіліктері әртүрлі фильмдер арасында ауысқан жағдайда біраз уақыт алуы мүмкін.
- Фильмдерді сыртқы құрылғыларға жазу кезінде камераны пайдаланбаңыз, бұл ақпараттың HDMI бейне шығысында көрсетілуіне әкелуі мүмкні.
- Камерамен жазылған фильмдердің ашықтығы мен түсі қарау ортасына байланысты сыртқы құрылғылармен жазылған HDMI бейне шығысыныкінен басқаша көрінуі мүмкін.