Көздік ысырмасын пайдалану
Көріністапқыш арқылы қарамай түсірген жағдайда оған кіретін жарық (өздігінен түсіруді реттейтін таймерде, шам экспозицияларында немесе қашықтық ауыстырып-қосқышымен түсіруде) түсірілімдердің жеткіліксіз экспозициялануына әкелуі мүмкін. Мұны болдырмау үшін көздік ысырмасының тетігін көріністапқыш окулярын жабу мақсатында көрсеткі арқылы көрсетілгендей сырғытыңыз.
Көріністапқыш окулярын жабудың Live View арқылы түсіруде немесе фильм жазуда керек емес екенін ескеріңіз.